Комаға түскендер не сезінеді немесе олардың ең басты – азабы...
Комаға түскендер не сезінеді немесе олардың ең басты – азабы...
9 ай бұрын 1146 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ағылшын ғалымдары комаға түскендердің не сезінетінін анықтап көруге тырысқан екен. Бұл жайында орыстардың «АиФ» ақпарат көзі BBC-тің «Coma» фильміне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Осы бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, комаға түскен пациенттердің үштен бірі, дәлірегі, 30-дан 40%-ға дейінгісі толық немесе ішінара есін біліп жатады. Яғни, санасы ояу болады. Десе де ғалымдар төсек тартып жатқан мұндай науқастармен тілдесуге мүмкіндік беретін тәсілді таппаған болатын. Адриан Оуэн есімді нейробиолог магнитті-резонансты томографияның көмегімен комада жатқан пациентпен байланыс орната алған екен. Тәжірибе көрсеткендей, ми томограф арқылы түскен сәулеге жауап қатып, дәрігердің сауалдарына жауап берген болатын. Осылайша дәрігерлер науқастың қатты үрейленіп, шөлден қаталап жататынын біліп алды. «Патофизиология тұрғысынан келсек, кез келген кома ары  асса 4 аптадан аспауы тиіс. Егер 3-6 айдан бір жылға дейін созылса, вегетативтік жағдайы тұрақты саналады»,- деп түсіндірді ағылшын дәрігерлерінің зерттеуін Неврология ғылыми орталығының директоры, академик Михаил Пирадов. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұрын француз дәрігерлері 15 жыл комада жатқан науқасты оятып алған болатын. Мидың әр аймағын өзара байланыстыратын қаңғып жүрген жүйкелерді электрмен стимуляциялау арқылы. Нәтижесінде пациент төңірегінде не болып жатқанын біліп, адамдардың сөзі мен әрекетіне жауап қатумен болды. Ол көзімен заттарды қадағалайтын, мойнын бұра алатын, т.б. әрекеттерге бара алатын болды.

0 пікір
Мұрағат