The Qazaq Times: Қырғыз-тәжік жанжалы: Қақтығыстардың қайталануында геосаяси астар бар ма?
The Qazaq Times: Қырғыз-тәжік жанжалы: Қақтығыстардың қайталануында геосаяси астар бар ма?
3 жыл бұрын 2299 Естай Божан

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында ауық-ауық оқ атысып, тіпті, ауыр әскери техникалар тартылған қақтығыстар да жиілеуде. Қазіргі кезде екі ел ғана емес тұтас Орталық Азияның да тұрақтылық пен қауіпсіздік түрлі жаңа сын-қатерлерге тап болғаны белігі. Соңғы жылдардағы жаһандық геосаяси жағдайдан алып қарағанда қандай да бір шағын қақтығыстар үлкен геосаяси шиеленістерге ұласу қаупі де жоғары. Осы орайда qazaqtimes.com ақпарат көзінің шағын сараптамалық материалын назарларыңызға ұсынамыз.

 Осы тұтса қырғыз-тәжік арасының жиі бүлінуі аймақтағы және мүдделі тараптарды алаңдатпай қоймайды. Қырғыз-тәжік арасында қайталанып тұрған шекаралық жанжалдар бір ғана екі ел арасындағы шешілмеген шекара дауы ғана емес, белгілі тараптардың геосаяси мүдделеріне қолданылып жатыр деген көзқарас көптен бері айтылып келді. Бұл сөздің ұшы бір шеті Ауғанстанды, енді бір шеті Ресейді қамтып жатқан алып аймақтағы державалар мүддесіне де тиері сөзссіз.

Баткенде күні кеше болған қақтығыстан кейін Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) мәлімдеме жасап, тараптарды оқ атысуды тоқтатуға шақырды. Ұйымның бас хатшысы болып отырған Станислав Зась екі елдің қауіпсіздік кеңес хатшыларына қоңырау шалып, мәселені талқылады. Бірақ, бұл әрекет мәселені шешуге жеткілікті қадам емес-ті. Шын мәнісінде, қақтығыс болып отырған екі ел де ҰҚШҰ мүшесі. Осындай кезде қауіпсіздік ұйым барлық мүшелерінің қатысуымен шұғыл кеңес өткізуіне де болар еді.

Кейбір қырғызстандық саясаткерлер аталмыш ұйым көбіне Тәжікстанға жан басқысы келеді деп санайды. Айталық, Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Алик Оразов ҰҚШҰ Тәжікстан президенті Рахмониға жанбасып отыр деген пікірін айтқан. «Олар Разхмонға болысады, сондықтан да сырттай бақылап тұрады, ал Рахмон бұдан пайдаланып жатыр»,– дейді ақпарат құралдарына берген пікірінде. Ол және: «Бұл саясат. Әскери күштермен саяси ойын болып жатыр. Бес мың жылдан бері болып жатқан принцип, «бөліп ал да билей бер» деген. Алдымен ұрыстырады, сосын келіп өздерінің ережесін орнатады», – деген.

Оның сөзін растағандай көп өтпей Ресей тарабы ара ағайндық етуге дайынбыз дегендей мәлімдеме жасады. Ресей Федрациялық кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің жетекшісі Владимир Жабаров  Бішкек пен Душанбе ұсыныс етсе, ара ағайын болуға дайынбыз дегендей сөз айтты. Дегенмен, ресейлік саясаткерлер мәселе Ресейдің ара ағайындығымен шешілетін деңгейге жете қоймайды, тіпті, бұған ҰҚШҰ-ның тартылуы да керек емес деген көзқараста. Әрине, екі ел қақтығысты асқындырмай тоқтатып алды, бұл жағында, тіпті, екі елдің диалогқа келу тәжірибесі бар деуге болады. Дегенмен, тұтанған білте сөнген жоқ, Орта Азиядағы осы секілді мәселелер державалардың араласуына сұранып тұр. Бұл ұзақ мерзімдік өңірлік қауіпсіздікке және аймақтағы елдердің тұтастығы мен егемендігіне саятын мәселе болмақ. 

The Qazaq Times  

0 пікір
Мұрағат