Террористі азаматтықтан шығарудың конституцияға қаншалықты сәйкес келетіні сарапталды (жалғасы)
Террористі азаматтықтан шығарудың конституцияға қаншалықты сәйкес келетіні сарапталды (жалғасы)
4 жыл бұрын 1597 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Басы: «Адам құқығына қатысты демократиялық елдің екіжүзді саясаты» - стеоротип пе әлде "риторикалық сауал ма"...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/adam-quqygyna-qatysty-demokratiyalyq-eldin-ekijuzdi-sayasaty-steorotip-pe-alde-ritorikalyq-saual-ma-14797/#gsc.tab=0)

Террористік бағыттағы қылмыс Ресей азаматтығынан шығарудың сөзсіз себебі бола алмайды. Мұндай шешім қабылдамас бұрын билік органдары мен сот қылмыстың барлық жағдайын ескеру керек, яғни, террористі мұндай қылмысқа не итермеледі (мәжбүрлеу ме, қорқыту ма, жоқшылықтан барды ма, террористік әрекеттің салдары қандай болды, т.б. ескерілуі тиіс. Бұл туралы Карелияның жоғарғы сотының өтініші бойынша Ресей Федерациясының конституциялық сотының анықтамасында айтылған. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ТАСС ақпарат агенттігінің жазуынша, 2017 жылы «РФ азаматтығы турлы» федералды заңына бұрын Ресей азаматтығын алған, террористік бағытта қылмыс жасаған адамның бұл лаңкестік әрекеті РФ азаматтығына қабылданар кезде жалған мағлұмат берумен теңестіруді ұйғаратын, ресейлік конституция мен заңнамасында қарастырылған талаптарды сақтаудан саналы түрде бас тарту фактісі ретінде санауға мүмкіндік беретін өзгерту енгізілген болатын. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Адам құқығына қатысты демократиялық елдің екіжүзді саясаты» - стеоротип пе әлде "риторикалық сауал ма"...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/adam-quqygyna-qatysty-demokratiyalyq-eldin-ekijuzdi-sayasaty-steorotip-pe-alde-ritorikalyq-saual-ma-14797/#gsc.tab=0) атты материалымызда «РФ Мемлекеттік думасында қабылданған бұл тараптағы заң талаптары бойынша осы елде туып-өскен адам лаңкестік әрекетімен көзге түссе, ондай адамды азаматтығынан айырылмайды, есесіне, қатаң жазасын алады, ал өзге елден келіп осы елдің азаматтығын алған тұлға экстремистік ұйымға кірсе немесе басқалай жолмен көзге түссе, ондай адам Ресей азаматтығынан айырылады», деп жазған болатынбыз. Әлбетте, терроризм ақтауға келмейтін қылмыс, қылмыс болғанда да өте ауыр қылмыс, соған қарамастан азаматтықтан айырудың күмәнді тұстары көп екенін де айтып өткенбіз. Өйткені, террористі ешбір ел керек етпейді, ол ол ма, Сирия жерінде сойқан салған содырларын (азаматтықтан шығарылмаған) Швеция секілді елдердің елге қайтарудан бас тартып отырғаны турасында құлағдар еткенбіз. Азаматтықтан айырылған террористі ешбір ел қабылдамайтындықтан сол елде қалады, алайда, сол елдің барлық заңды құқығынан айырылады, мәселен, сайлауға қатыса алмайды, қандай да бір әлеуметтік мәртебесі болмайды, жұмысқа тұра алмайды, т.б. Әлемде терроризм үшін азаматтықтан айырған елдер бар ма? Бар. Швейцария мұндай қадам жасаған әлемдегі алғашқы ел. Аталған елде қос азаматтыққа рұқсат етілген, алайда, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірген әрекеттерге барғандарды азаматтықтан айыру көзделген заңнамасында. 

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат