Теңіз өнімдері экологиялық таза азық-түлік түрлеріне жатқызылды
Теңіз өнімдері экологиялық таза азық-түлік түрлеріне жатқызылды
2 жыл бұрын 1859 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Mitchell Luo / Unsplash

Теңіз өнімдері секілді азық-түлік ірі қара, тауық, т.б. органикалық тағам өнімдеріне қарағанда қоректік заттарға бай әрі қоршаған ортаны ластамайды. Яғни, ірі қара секілді жайылым, т.б ресурстарды қажет етпейді әрі метан секілді көміртегі қышқылынан әсері бірнеше есе жоғары парникті газды бөлмейді. Бұл жайында islam.kz порталы швециялық және канадалық ғалымдардың бұл тараптағы зерттеу матеиалы жарияланған Communications Earth & Environment мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандардан жасақталған топ теңіз өнімдерінің қоректік заттар құрамын және олардың аквафермаларда ауланатын және өсірілетін климатқа ілеспе (жанама) ықпалын талдады. Ақсерке, майшабақ, скумбрия, мөңке, алабұға, сондай-ақ, өзге де теңіз өнімдерінің тағамдық құндылығын ескере отырып, климатқа мейлінше аз әсер ететінін анықтады. Зерттелген теңіз өнімдерінің жартысы сиыр етіне, шошқа етіне және тауық етіне қарағанда жоғары қоректік заттардың тығыздығына ие болды, сонымен бірге қоршаған ортаға парниктік газдарды аз бөледі. Сонымен қатар, астықты өндіру және жинау әдістеріндегі айырмашылықтар ауыл шаруашылығындағы бұл салалардың климатқа түрліше әсер ететіні анықталды. Осындай факторларды ескерген ғалымдар жаһандық жылынудың алдын алуда маңызды рөл ойнайтын балық өнеркәсібінде балық аулаудың үнемді технологияларын қабылдап, таусылған қорларды қалпына келтіруді (орнын толтыру), ал аквамәдениет үшін арнайы жемді қажет етпейтін моллюскалар мен балықтарды көбірек өндіруді және балық тағамының климатқа қолайлы көздерін табуды ұсынып отыр. Теңіз өнімдерінің ақуыздарға, май қышқылдарына, дәрумендер мен минералдарға бай екені бұрыннан белгілі және алдыңғы зерттеулер мал шаруашылығының өнімдерін теңіз өнімдерімен алмастырудың ықтимал экологиялық пайдасын көрсетті.

0 пікір
Мұрағат