Теңіз дипломатиясына қатысты Ақ кітап пайда болды
Теңіз дипломатиясына қатысты Ақ кітап пайда болды
6 жыл бұрын 3134 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезияның теңіздегі саясатын үйлестірумен айналысатын министр Лухут Бинсар Панджаитан аталған елде тұңғыш рет теңіз дипломатиясына қатысты Ақ кітаптың пайда болғанын мәлімдеді. Бұл жайында Antaranews ақпарат көзі хабар таратты. Индонезияның теңіз дипломатиясы жөніндегі дәрістер мен Жакарта қаласындағы стратегиялық әрі халықаралық зерттеу орталығындағы (CSIS) мәселелерді қозғаған министр Ақ кітапта индонезиялық теңіз саясатының ұзақ мерзімді басқару принциптерінің қамтылғанын сөз етті. Бұл принциптер аталмыш ел президентінің 2017 жылғы 16-шы жарлығында айтылған. Ақ кітап арқылы ел билігі теңіз саясатын жүргізеді. Соның ішінде негізгі жеті бағыт басшылыққа алынады: табиғи ресурстарды басқару, теңіздегі қорғаныс пен қауіпсіздік, теңіз институттарын басқару, теңіз экономикасы, теңіздің қоршаған ортасын қорғау, теңіз мәдениеті, теңіз дипломатиясы. 

"Ақ кітап" тәжірибесі бірыңғайда "Қызыл кітапты" еске түсіреді - мақсаты мен мағынасы тұрғысынан. Қорғанысқа арналған "Ақ кітап", мәселен, Жапонияда 1974 жылдан бері шығарылып келеді. 40 мың данамен. Еркін сауда айналымында. Ал Ұлыбританияда көлікті дамытуға арналған "Жасыл кітап" жарық көрген болатын. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, "Ақ кітаптың" түрлі үлгілері бар, әдетте, ол мемлекеттің немесе белгілі бір құзырлы мекеменің ресми құжаты саналады. Онда мемлекеттің негізгі әрі өзекті салаларындағы мәселелердің барысы мен даму келешегі көрініс табады. 

 
0 пікір
Мұрағат