|
Таяу Шығыстағы шиеленістен Мысыр экономикасы 11 млрд долларынан айырылды
|
Америка құрама штаттары мен Израилдің Иранға қарсы әскери операциясына байланысты ушыққан Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Мысыр экономикасы едәуір зардап шекті, әлірегі, Мысыр әлемдік сауда-саттықтың, яғни, жаһандық мұнаймен жабдықтаудың төрттен бірі жүзеге асырылатын Үрміз бұғазының жабылуынан Суэц каналынан өтетін кемелер саны күрт қысқаруына байланысты 11 млрд доллардан айырылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Пирамидалар елінің сыртқы істер министрі Бадыр Әбдіат мәлімдемесіне жөн сілтеген ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жүк кемелері қауіпсіз жолды таңдап, Африканы айналып өтетін бағытты таңдаған. Осыған байланысты Суэц каналынан түсетін алым мөлшері күрт төмендеп, Мысыр экономикасына едәуір шығын келіп отыр. Аймақтағы қарулы қақтығыс Мысыр мүддесіне қайшы.