Шетелде паспортын жоғалтқан қазақстандықтардың елге кіру ережелері өзгерді
Шетелде паспортын жоғалтқан қазақстандықтардың елге кіру ережелері өзгерді
2 сағат бұрын 78 inbusiness.kz Әсем Қабылбекова

18 қыркүйектен бастап шетелде құжатын жоғалтқан қазақстандықтарға қатысты жаңа талаптар қолданысқа енеді.   

ҰҚК төрағасы қол қойған жаңа құжатқа сәйкес, шекара қызметі азаматтарды паспортсыз немесе жеке басын растайтын құжатсыз келген жағдайда цифрлық деректер базасы арқылы анықтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа ережелерге сәйкес:

  • Шекарашылар электрондық жүйелерді, бет-әлпетті сканерлеуді және саусақ іздерін қолдана отырып тұлғаны анықтайды.
  • Жеке басын растауға 24 сағат беріледі. Осы уақыт ішінде азамат өткізу пунктінде болады.

– Егер бір тәулікте деректер арқылы сәйкестендіру мүмкін болмаса, тек "мен Қазақстан азаматы" деген мәлімдеме жеткіліксіз. Бұл жағдайда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" заңға сәйкес шаралар қолданылады, – делінген ҰҚК таратқан хабарламада. 

ҰҚК мұндай қатаңдатуды ұлттық қауіпсіздік талаптарымен түсіндіреді: құжат жоғалту автоматты түрде шекарадан еркін өтуге мүмкіндік бермейді, міндетті түрде тексеруден өту қажет болады.

0 пікір
Мұрағат