Таяу шығыста соғыстың жаңа түрінің қатері артып келеді
Таяу шығыста соғыстың жаңа түрінің қатері артып келеді
2 жыл бұрын 1752 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка климат өзгерісінен құрғақшылықтан қатты зардап шеге бастады. Аталған аймақтағы елдер жаңбыр тамшыларын бұлттан сығып алуға мүмкіндік беретін химиялық заттар мен әдістерді әзірлеу үшін жанталаса жарысуда. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Аймақтың 19 елінің 12-сінде қазір жылына орташа есеппен 10 дюймден аз жауын-шашын түседі, бұл алдыңғы 30 жылмен салыстырғанда 20%-ға аз, міне, осындай себеппе жауын шақыратын технологияны құрғақшылықпен күресте тиімді құралға айналдырудың қамына кіріскен. Бұл тарапта Біріккен Араб Әмірлігі секілді дәулетті елдер бұл салаға ауқымды қаржы бөліп жатыр, алайда, аталмыш технологияның осы бағыттағы күш-жігер мен өзге де шығындарды қаншалықты ақтайтыны туралы дерек жоқтың қасы. Марокко, Эфиопия және Иранда қолдан жауын шақыру бағдарламалары қабылданған. Сауд Арабиясы ауқымды бағдарламаны енді ғана бастады, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы оннан астам елдердің де осындай жоспарлары бар. Бұлтты егу деп аталатын әдіске негізделген жауын шақыру технологиясы 75 жылдан бері қолданылғанымен, сарапшылардың айтуынша, олардың тиімділігі әлі жеткілікті зерттелмеген. Ал кейбір елдердің көгінде пайда болған бұлттың қызығын аталған технология көмегімен көрші елдер көреді дейтін қауесетті ешкім теріске шығара алмайды. Ғалымдардың айтуынша, бұлттың «өмірі», соның ішінде жауын төгетін көшпелі бұлттардың ғұмыры екі сағаттан аспайды. Бүгінде БАӘ аймақтағы сөзсіз аймақтық көшбасшы ел. Сонау 1990 жылдары аталған ел билігі Парсы шығанағының қаржылық және іскерлік астанасы мәртебесін сақтап қалу үшін су қорының мұнай мен газ қоры сияқты маңызды екенін мойындады. Әмірліктердің жауын шақыру бағдарламасы әскери хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады десе де болады. Тоғыз ұшқыш вахталық кезекшілікте - метеорологтар Таяу Шығыста жиі кездеспейтін бұлтты анықтаған бойда аспанға көтерілуге ​​дайын тұрады. 1960 жылы су жеткілікті болды, өйткені, шағын елдің халқы 100 мыңға да жетпеген еді, 2020 жылға қарай халық саны 10 миллионға жуықтады. Ал суға деген сұраныс та күрт өсті. Қазіргі уақытта суға деген сұранысты тұщыландыру қондырғыларымен қанағаттандыруда. Алайда, БАӘ Ұлттық метеорология және сейсмология орталығының директоры және бұлтты себу бағдарламасының жетекшісі Абдулла әл-Мандустың айтуынша, әрбір нысанның құрылысы 1 миллиард доллар немесе одан да көп тұрады және жұмыс істеуі үшін, әсіресе, жауын шақыру технологиясымен салыстырғанда орасан зор энергияны қажет етеді. Сонымен қатар, ғылыми қоғамдастықтың көпшілігі бұл технологияның тиімділігіне күмән келтіреді. Ғалымдар үшін басты кедергі - таза жауын-шашынның көбеюі қиын және оны тіркеу әрдайым мүмкін емес. Раттер университетінің Алан Робок есімді ғалымының айтуынша, жауын технологияның себебімен жауды ма әлде табиғи себеппен жауды ма, міне, осы арасының аражігін айыру немесе аңғару қиындық тудырады. «Тағы бір мәселе: БАӘ көгінде жиі кездесетін түйенің өркешіндей биік бұлттар турбулентті болып келеді. Бұл да жауын шақыру технологиясының арқасында мұндай бұлттардың пайда болғанын анықтау қиын»,- деді Колорадо штатына қарасты Боулдер қаласында орналасқан ұлттық атмосфераны зерттеу орталығынан Рой Расмуссен. Бұлтты егу технологиясын әлемде алғаш қолданған Израил бұл тараптағы 50 жыл бойы қолданылған бағдарламасын 2021 жылы тоқтатқан болатын. Израилдік ғалымдар аталмыш технологияның тиімсіздігін алға тартып отыр, дәлірегі, жауын-шашын мөлшері аз әрі экономикалық тиімділігі төме болғандығы үшін. Қолдан жауын шақырудың әдістері қарапайым болып көрінгенімен, іс жүзінде көптеген қиындықтар бар. Бұлттардың барлығы жаңбыр жаудыра алмайды, тіпті, жауын шақыруға қолайлы болып көрінетін бұлттың да ылғалдылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондай-ақ, апшыны қуыратын аптап ыстық климатта жаңбыр тамшылары жерге жетпей буланып кетуі мүмкін. Америкалық метеорологиялық қоғамның мәлімдемесінде айтылғандай, кейде аталған технология әсері ойлаған межеден де жоғары болуы мүмкін, соның салдарынан көп жауынның арты қалың нөсерге ұласуы мүмкін немесе жел бағыты өзгеріп, технология көмегімен шоғырландырылып жатқан аумақтан бұлттарды басқа бағытқа айдап алып кетуі мүмкін, яғни, «күтпеген салдардың» ықтималдығын арттыруы мүмкін, дәлірегі, пайдасынан гөрі зияны тиюі мүмкін. 2019 жылы мұндай жағдай Дубайда орын алған еді: қалың нөсерден тұрғын үйлер мен Dubai Mall сауда орталықтарын су басып кетті, тобықтан асып, толарсақтан су кештірген жауын суын сорғымен сорып алуға тура келген еді сол кезде. Бұлтты егу тиімділігі туралы деректерді жинаудың қиындығына қарамастан, әл-Мандус мырза әмірлік ғалымдарының әдістері жауын-шашынның жылына кемінде 5% арттырғанын алға тартып отыр. Қазіргі уақытта әмірлік ғалымдары жауын шақырудың тың тәсілдерін әздестіру үстінде, соның ішінде нанозаттарды пайдаланып көрмек. Бұл тарапта мұндай технологияға ие елдер көктегі жауын суын өз игілігі үшін пайдалануда артықшылыққа қол жеткізеді. Тұшшы су ресурсына таластың арты соғыс қаупін тудыратынын алға тартып отыр. 

همه چیز درباره جدیدترین جنگ کشورهای جهان

همه چیز درباره جدیدترین جنگ کشورهای جهان

Әмірліктердің Ұлттық метеорология және сейсмология орталығының қызметкерлері аймақтағы бұлт қозғалысы туралы ағымдағы және тарихи радар деректерін бақылайды / Дереккөз: New York Times

همه چیز درباره جدیدترین جنگ کشورهای جهان

Ұлттық метеорология және сейсмология орталығының ұшқыштары жауын жаудыруға дайын бұл байқалса, әуеге көтерілуге сақадай сай тұрады.
Дереккөз: The New York Times

همه چیز درباره جدیدترین جنگ کشورهای جهان

Әмірліктердегі жауын шақырудың тәжірибелік наноматериалдың шығарылымы. Технологияның жұмыс істейтіні әлі дәлелденген жоқ, дегенмен, оның жақтаушылары жаңа әдістер жақсы нәтиже беретініне сенеді / Дереккөз: The New York Times

Topmember • Облачные войны: на Ближнем Востоке разгорается соперничество на новом фронте

Хатта тауындағы гигроскопиялық алаулар // Дереккөз: The New York Times

Ұқсас материалдар:

«Жасанды жолмен жаңбыр жаудыруды беспилотниктер жүзеге асырады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-jolmen-janbyr-jaudyrudy-bespilotnikter-juzege-asyrady-14705/#gsc.tab=0);

"Ауа райын қолдан басқару жобасының қатері..." (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/aua-raiyn-qoldan-basqaru-jobasynyn-qateri-14646/#gsc.tab=0);

«Қытай аумағының жартысынан астамында жасанды жаңбыр мен қар жаудыратын жоба жүзеге асырыла бастайды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-aumagynyn-jartysynan-astamynda-jasandy-janbyr-men-qar-jaudyratyn-joba-juzege-asyryla-bastaidy-14498/#gsc.tab=0);

«Шөлге жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы сынақтан өтіп жатыр» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/sholge-jasandy-jolmen-janbyr-jaudyru-tehnologiyasy-synaqtan-otip-jatyr-12429/#gsc.tab=0);

«Биржада жауын суы тұңғыш рет сатылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/madeniet/birjada-jauyn-suy-tungysh-ret-satyldy-14539/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат