Таяу жылдары Африкада кедейлік деңгейі төмендейді – сарапшы
|
Африка елдерінің, дәлірегі, Сахара шөлінің оңтүстігіндегі елдердің қазіргі экономикалық өсу қарқыны сақталатын болса, таяу жылдары, яғни, 2030 жылға қарай бұл құрлықтағы кедейлік деңгейі айтарлықтай төмендейтін болады - 23%-ға дейін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресейдегі Жоғары экономика мектебіне қарасты ұлттық зерттеу университетінің Африканы зерттеу орталығының сарапшысы Всеволод Свиридовқа жөн сілтеген «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік банк дерегі бойынша Африкада кедейшілік деңгейі (бір адамға күніне 1,9 доллардан аз табыс) 1990 жылғы 54%-дан 2018 жылы 40%-ға дейін төмендеді. Абсолютті мәнде бұл көрсеткіш бүгінде 426,8 млн адамды қамтиды», - деп атап өтті ол. Осылай деген сарапшы 2030 жылға дейін Африкада қоғамның негізгі ұстыны - орта тап өкілдерінің көбейетінін алға тартып отыр. Дәлірегі, орта тап өөкілдерінің қарасы 580 млн адамға жетеді. Ал дәулеттілер қарасы санаулы жылдардан соң 116 млн адамға дейін көбеймек.