|
Тарихта тұңғыш рет: университеттердің бірі криптовалюта қорын құрады
|
Америка құрама штаттарындағы алдыңғы қатарлы, мемлекеттік, зерттеу университеттерінің бірінен саналатын University of Texas at Austin өзінің 200 млн долларды құрайтын эндаументті қорының аясында 5 млн долларға биткоин қорын құратын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Financial Times ақпарат көзіне жөн сілтеген block-chain24.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастаманың тариха алғаш рет жоғарғы оқу орындарының арасында бірінші рет болып отырғанын айта кету керек. Аталмыш университет криптоактив портфелін кем дегенде бес жыл ұстайтынын жария етті. Яғни, цифрлы активке қатысты жоғарғы оқу орнының ұзақ мерзімді стратегиясы белгілі болып отыр. Бұл қадам Эмори университетінің жақында Grayscale компаниясының ETF арқылы биткойнға 15 миллион доллар салуынан кейін жасалды. Алайда, Остиндегі Техас университетінің (UT Austin) тікелей биткоин-қорын құруына университет эндаументіне криптограммаларды енгізу бойынша айтарлықтай үлкен міндеттеме жүктейтіні кедергі келтірген.