Тәліптер өз арасында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр
Тәліптер өз арасында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр
3 жыл бұрын 3355 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысының ((Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) өкілдері өз қатарындағы 3 мыңға жуық адамды есірткі саудасымен айналысады әрі Сириядағы содырлармен байланысқан, сондай-ақ, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа шатылған деп айыптап, қозғалыс құрамынан шеттетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AFP дереккөзіне бұл туралы мәлімдеген Латифулла Хакімге жөн сілтеген The National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш қозғалыстың кейбір мүшелері ел тұрғындарының жеке өміріне қол сұққаны үшін қозғалыс қатарынан қуылды. «Олар Ислам әмірлігінің абырой-беделіне нұұсан келтірді», - деп мәлімдеді Латифулла Хакім. Қысқасы, қозғалыс қатарынан ұзын саны 2840 адам шығарылды. Латифулла Хакім жетекшілік ететін тәліптер комиссиясы бұл тарапта өзге провинцияларды да тексеру жұмыстарын жалғастыранын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат