Тәліптер Ауған аумағында христиандықты насихаттағандарды ұстап жатыр
Тәліптер Ауған аумағында христиандықты насихаттағандарды ұстап жатыр
1 жыл бұрын 724 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) жасақтары 18 миссионерді ұстаған. Олардың арасында америкалық азамат та бар. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ChristianHeadlines.com ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық жәрдем миссиясы (IAM), швейцариялық коммерциялық емес ұйым Ауғанстанның Гор провинциясындағы кеңселеріне осы қыркүйек айында екі мәрте тұтқиылдан, яғни, алдын ала ескертпестен келіп, қызметкерлерін алып кеткенін жеткізді. Тәліптер оларды «мұсылман елінде христиандықты насихаттады» деп айыптап отыр. IAM ұйымы Ауғанстанның экономика министрлігіне, БҰҰ-ға және Ауғанстанға берілетін көмекті үйлестіру агенттігіне шағым түсірген. Осы орайда IAM ұйымы ресми мәлімет бойынша адамдардың өмірін жақсарту, денсаулық сақтау мен білім беру саласын өркендету бағытында қызмет ететінін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат