Тәліптер АҚШ басқыншыларынан Ауғанстанды азат ету үшін кез келген мемлекетпен одақтасуға әзір
Тәліптер АҚШ басқыншыларынан Ауғанстанды азат ету үшін кез келген мемлекетпен одақтасуға әзір
7 жыл бұрын 3344 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Mehr News халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берген тәліптер қозғалысының белді өкілі Зәбиһулла Можлаһед қазіргі уақытта Ауғанстанда қалыптасып отырған саяси ахуалға тәліптердің ұстанымын жеткізген. Ауғанстандағы соғыстың қашан тоқтайтыны және оны қалай қалай тоқтатуға болатыны турасында қойылған сауалға ол ауған халқының қолына қару алып, соғысуға мәжбүр екенін, өйткені, бұдан басқа жолды көріп тұрмағанын айтып жауап берді. Бұл соғысты сырттан тұтатушы шетелдіктер болғандықтан әлбетте оларға тойтарыс берілуі керектігін алға тартты. Осылай дей келе ол ауған халқының неліктен және кімдермен соғысып жүргенін жақсы білетінін де айта кетті. Тәліптер қозғалысының өкіліне қойылған түрлі сауалдар қойылды, солардың бірі – Сауд Арабиясы мен тәліптер арасындағы қатынас одақтастық сипат алғанын, алайда, Саудияның тәліптермен соғысып жүрген АҚШ-пен де одақтас екені айтылмай қалмады. Бұл сауалға Зәбиһулла Можлаһед: «Ислам елдеріне қатысты тәліптердің нақты стратегиясы барын» жауап берумен шектелді. Сондай-ақ, ол елдің ішкі мәселесінде де ислам мемлекеттерімен келіспеушілік болмайтынын тілге тиек етті. Ішкі мәселе дегенде, ол бұл арада Ауғанстанның қандай мемлекеттік құрылым болатынын меңзеген болуы керек. Ол тәліптердің батыстың бұқаралық ақпарат құралдары сырттан танып жүргеніндей, террористік ұйым емес, елін АҚШ басқыншыларынан азат етуші қозғалыс екенін шегелей ескертті. Тілшінің Ресей Федерациясының тәліптермен жақындасу үстінде деп айыптаған АҚШ мәлімдемесіне қалай қарайтынын сұрағанда ол Ауғанстанды америкалықтардан азату ету үшін әлемнің кез келген мемлекетімен одақтасуға бар екенін ашып айтты. Аталмыш ақпарат агенттінің «АҚШ билігі Пәкстанды да террористер елі» деп айыптағанын қалай қабылдайсыз деген сауалына Зәбиһулла Можлаһед: «Дональд Трамптың Пәкістанға қарсы ескертуі Үндістанның көңілінен шығып, аймақтағы тұрақсыздықты тудыру үшін айтылған»,- деп қысқа қайырды.

P.S. Германия федеративтік республикасының қорғаныс министрлігінің бұрынғы статс хатшысы Андреас фон Бюлов немістердің "Tagesschpigel" мерзімді басылымына берген сұхбатында (2002 жылдың қаңтар айының 13-і күні) тәліптер қозғалысын әу баста АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы құрғанын, осы мақсатта 30 мың ауғандық ұрыс қимылдарына үйретілгенін мәлімдеген еді. Бұған Саудияның қатысы барын да тілге тиек еткен болатын. Алайда, оның айтуынша, кейін аталған қозғалыс АҚШ-ты тыңдамай кеткенін де жеткізген болатын. Бұдан бөлек, АҚШ-тың өз мүддесі үшін аймақтағы тұрақсыздықты сақтау мақсатында тәліптерді әлі де өз мақсатына пайдаланып отырғаны турасында да пікірлердің бар екенін жасыруға болмайды.

0 пікір
Мұрағат