Тәліптер апиын өндірісін 95%-ға қысқартты - БҰҰ
Тәліптер апиын өндірісін 95%-ға қысқартты - БҰҰ
3 ай бұрын 1034 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2021 жылы Ауғанстанда билікке келген тәліптер қозғалысы қолға алған есірткіге қарсы науқан апиын өндірісін айналдырған екі жыл ішінде 95 пайызға қысқартқанын мәлімдеді. Мұндай жетістікті осы күнгі есірткіге қарсы барлық шара қайталай алған жоқ. Нақтысында тәліптер әлем елдерімен салыстырғанда тиімді әрі пәрменді күрес жүргізе отырып, осындай үлкен нәтижеге қол жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде арабтардың әл-Жазира ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптердің бұл жетістігін «Халықаралық дағдарыс тобы да мойындап отыр: «Ауғанстандағы апиын алқаптарындағы проблема: тәліптердің есірткімен күресі» деп аталатын есебінде жарияланған. Тәліптер есірткімен күресу үшін апиын алқаптарын жоюдан бастап, тұтқындау шараларын қолдануға дейін барды. Алдымен жергілікті фермерлерге ескерту жасалды. Тыйымды елемегендер (есірткі қолданатаныдар да, сататындары да) жауапкершілікке тартылды. Тіпті, жүз мың адам емес, есірткі өсірумен 7 млн-дай  адам айналысатынын ескерсек әрі олардың мыңдаған кедей тұрғындарды жұмыспен қамтып отырғанын ескерсек, осылайша ауған экономикасына орасан зор залал келгенін ескерсек, бұған қоса, халықаралық санкция астында қалғанын ескерсек, тәліптердің бұл бағыттағы күресі осыншалықты нәтиже береді деп әлем қауымдастығы ойлаған жоқ еді. Бір ғана өткен жылы есірткі өсіретін ауған фермерлері шамамен 1,3 млрд доллар табысынан айырылды. Бұл көреткіш елдің жалпы ішкі өнімінің 8%-на тең. Есірткі алқаптарын мақта мен күріш секілді ауыл шаруашылығы өнімдеріне алмастыру үшін суғару жүйесін қалыптастыру, өнімді сақтайтын қоймаларды, тасымалдайтын жолды қалпына келтіру секілді қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Тәліптер. Ауыл шаруашылығын жолға қою үшін қырауар қаржы керек. Оны халықаралық қаржы мекемелері бере алмайды. Ауғанстан санкция астында болғандықтан. Сарапшылардың пікірінше, тәліптер есірткіге қарсы күресін босаңсытып алуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат