Тайван астанасының әкімі қарапайымдылығымен тәнті етті
|
Тайван астанасы Тайбэй қаласының әкімі Ко Веньенің Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған фотосуреті әлем жұртшылығын қайран қалдырды. Несімен? Білдей бір қала әкімінің өзін қарапайым ұстауымен. Бұл жайында "Вести.Ru" ақпарат көзі хабар таратты. Ко Венье жұртпен бірге метромен жүретіні біреулерді шаттандырса, енді біреулері қала әкіміне сақтық таныту керек деп есептейді. Өйткені, қасында күзетшісі немесе оққағары жоқ әкімге қасүнемдер қастық қылуы мүмкін. Facebook әлеуметтік желісінде жарық көрген бұл фотосурет, әсіресе, лауазымы төмен шенеуніктердің өзі брондалған қымбат автокөлікпен жүретін Қытай қоғамында үлкен резонанс тудырды. Осыған ұқсас жағдай 2011 жылы орын алған болатын. АҚШ-тың Қытайдағы елшісі Гэри Лока Бейжің әуежайында өз жүгін өзі көтеріп жатқан сәті таспаға тартылған болатын.Оның қасында да күзетші немесе оққағары болмаған.