Тайуан қатері: бұл ел үшін соғыс әлем экономикасына кем дегенде 10 трлн доллар шығын әкеледі
|
Күллі әлемді алаңдатқан, келесі соғыс ошағына айналуы мүмкін Тайуан төңірегіндегі геосаяси ахуал Таяу Шығыстағы шиеленіс тасасында ұмыт қалғандай көрінеді. Десе де бұл аймақтағы қатер уақыт еншісіндегі мәселеге айналған. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg агенттігінің сарапшыларына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тайуан аралға бекінген шағын мемлекет болғанымен әлемдік экономикаға қосып отырған үлесі ірі державалардың өзін артта қалдыратын деңгейге жеткен: озық технологияға негізделген жартылай өткізгіштер өндірісінде Тайуанды алмастыра алатын немесе бұл нарықтан ығыстыра алатын ойыншы әзірге жоқ. Тайуан тәуелсіздігіне қауіп төндірген Қытай арал айналасында әскери жаттығуларын жиі өткізетін болып жүр. Тайуан үшін соғыс Америка құрама штаттары мен Қытай арасында болады. Тайуан төңірегіндегі соғыстан әлем экономикасы орасан зор шығын көрмек – кем дегенде 10 трлн доллао (әлемдік жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы). Бұдан бөлек, Тайуан аралы мен материктік Қытай арасындағы бұғаз әлемдегі ең ірі сауда-саттық күретамыры саналады. Кем дегенде он трлн доллар (әлемдік жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы) шығынды, тіпті, күллі әлемді сал қылып тастаған тәжді тажал пандемиясы кезіндегі шығынмен салыстыруға келмейді: түрлі шектеулер мен тыйымдарға түрткі болған жұқпалы індет кезінде әлемнің жалпы ішкі өнімі 5,9% шығын көрген еді. Негізгі қауіп жартылай өткізгіштер секторына қатысты: ноутбуктер, планшеттер және смартфондар шығаратын желілердің жұмысы тоқтайды. Автокөлік және чиптерді қолданатын басқа салалар зардап шегеді. Тайуан экономикасы осындай сценарий бойынша күйрейді: аталмыш агенттік қақтығыстың бірінші жылында Тайуанның жалпы ішкі өнімінің 40%-ға төмендейтінін болжады. Арал мемлекетпен әлемдік сауда толығымен тоқтайды, сонымен бірге, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шамамен 100% төмендейді, ал Уашингтон мен оның одақтастары Қытай тауарларына салынатын баж салығын кем дегенде 50%-ға көтереді және Бейжіңге қарсы қатаң экономикалық санкцияларды енгізеді. Нәтижесінде қақтығыстың бірінші жылында қытай экономикасы 16,7% - ға төмендейді. Ал АҚШ экономикасының жалпы ішкі өнімі соғыстың алғашқы жылында 6,7 пайызға дейін құлдырайды, өйткені, америкалық компаниялардың дені электроника тізбегінде Тайуан өнімдеріне тәуелді. Бірақ, америкалық ЖІӨ Тайуан шайқасы басталған жағдайда оның бірінші жылында 6,7%-ын жоғалтады, өйткені, компаниялар электроника саласындағы азиялық жеткізу тізбегіне тәуелді болып қала береді. Бүгінгі таңда тайуандық Taiwan Semiconductor Manufacturing Co (TSMC) компаниясының өндірісі ең озық жартылай өткізгіш өнімдердің 90%-н құрайды. Бұл соғыстан екі тарапта оңбай ұтылады. Қытай ең ірі индустриалды экономикаға ие, қоры мол және іргесінде Ресей мен Орта Азия тұрғанда шикізат тапшылығын көрмейді, ал АҚШ іс жүзінде әлемдік сауда-саттықтың теңіз инфрақұрылымын бақылауда ұстайтындықтан Қытайды мұхитта жіпсіз байлауына мүмкіндік береді. Тынық мұхитындағы тікелей әскери қақтығыстан Азия елдері ең көп зардап шегеді: Оңтүстік Корея (қақтығыстың бірінші жылында -23,3%), Жапония (-13,5%) және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (-20,1%). Bloomberg сарапшыларының тағы бір сценариі бойынша арал мемлекетті Қытай әлемнен оқшаулап, блокадада ұстауы мүмкін. Мұндай жағдайда Тайуанмен сауда-саттық толығымен тоқтайды, АҚШ Қытай тауарларына қарсы баж салығын 50%-ға көтереді, ал АҚШ одақтастары 25% баж салығын енгізеді. Бұл жағдайда қақтығыстың бірінші жылында Тайуанның ЖІӨ-і 12,2% – ға, Қытай 8,9% – ға, АҚШ 3,3% – ға, ал әлемдік ЖІӨ 5% - ға төмендейді. АҚШ 1979 жылы Тайуанға сырттан қауіп төнгенде қорғаныс құралдары мен қару-жарақ беруге міндеттеме алған ел.