Тағы бір елде ұлпа жүні үшін жануарларды өлтіруге тыйым салынды
|
Таяу болашақта Италияда күзен өсіретін он ферма жабылады, өйткені, аталған елде аң терісі үшін жануарларды өлтіруге заңмен тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде табиғатты қорғауда әрі биологиялық әр алуандылықты сақтауда осындай маңызды шешім қабылдаған Италия сенатының бюджет комитетіне жөн сілтеген uk.fashionnetwork.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Италия билігі елдегі күзен өсіретін жануар фермаларының қожайындарына ферманы жабуға жарты жыл мұрсат беріп отыр. Бұл шектеу табиғи аң терісінен тон тігетін фабрикаларға да қатысты. Осылайша Италияда тек күзен ғана емес, сонымен қатар, суыр, борсық, бұлғын, т.б. секілді өзге де терісі бағалы аңдарды өлтіріп, оның ұлпа жүнін пайда табу үшін пайдалануға тыйым салынды. Есесіне күзен өсіретін фермалар мен бағалы аң терісінен тон тігетін фабрикалар бизнесі зардап шекпесі үшін оларға мемлекет қазынасынан 3 млн еуро өтемақы төленеді. Осылайша Италия кәрі құрлық бойынша терісі бағалы аңдарды өлтіруге заңмен тыйым салған немесе шектеу қойған жиырмасынша ел атанды. Десек те еуропалық елдерге қарағанда Израил бұл тарапта терісі бағалы аңдарды өсіруге, өлтіруге қатаң тыйым салып қоймай, оның терісін сатуды да заңсыз әрекет ретінде танып, көп ілгері кеткен ел болып отыр.
Ұқсас материалдар:
«Ұлпа жүнді аң терісінің саудасына тыйым салған алғашқы ел пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulpa-jundi-an-terisinin-saudasyna-tyiym-salgan-algashqy-el-paida-boldy-15353/#gsc.tab=0);
«Жануарлардың ұлпа жүнді терісін сатуға да, сатып алуға да тыйым салынады» (https://islam.kz/kk/news/alem/januarlardyn-ulpa-jundi-terisin-satuga-da-satyp-aluga-da-tyiym-salynady-14224/#gsc.tab=0);
«Финляндия фермасындағы сұмдық» (https://islam.kz/kk/news/alem/finlyandiya-fermasyndagy-sumdyq-foto-13840/#gsc.tab=0)