Тағы бір араб елі ғарыштық держава болуды көздейді
Тағы бір араб елі ғарыштық держава болуды көздейді
2 жыл бұрын 1945 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғарышты игерудің қыруар пайдасы бар – байланыстан бастап, метеорологиялық ахуалды бақылау, ел қауіпсіздігі мен елдің түрлі саласы бойынша мониторинг жүргізуге дейінгі қызметті қамтитын ғарыш саласын дамыту өз кезегінде геосаясатта айбынын асыра алады. Әлемде саусақпен санарлық ғарыштық державалардың қатарын тағы бір мемлекет толықтыруы мүмкін – бұл жолы Бахрейн алғашқы отандық ғарыш жер серігін ұшыруға қамданып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Королдіктің ұлан қолбасшысы Насыр бен Хамад әл-Халифа отандық спутник 2023 жылдың желтоқсан айында орбитаға ұшырылатынын мәлімдеді. Ғарыш аппаратын Бахрейннің ғарыш технологиясын игерген жас мамандары құрастыруда. Бахрейннің мәртебесін көтеретін жоба Ұлттық ғылыми-ғарыш агенттігінің стратегиялық шараларының бірі болып табылады.

Ұқсас материалдар:

«Араб елінде ғарыш соты пайда болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-elinde-garysh-soty-paida-bolady-14770/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат