Сыртқы қарыз бен инфляция салдарынан дамушы елдер 800 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін
Сыртқы қарыз бен инфляция салдарынан дамушы елдер 800 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін
2 жыл бұрын 1091 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем елдеріің басым бөлігін шарпыған қаржылық қиындықтықтар мен экономикалық тоқыраудан инфляция деңгейі өсіп, қарыз алушы елдер қарасы артып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда-саттық және даму жөніндегі баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, табыстың азаюы мен теңсіздіктің белең алуы өз кезегінде экономикалық белсенділікті төмендетеді. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар жаһандық экономиканың орташа жылдық өсу қарқыны індетке, тіпті, жаһандық экономикалық дағдарысқа дейінгіден де төмен екенін атап өтті. Дамушы елдер инфляция деңгейінің өсуі мен пайыздық мөлшерлеменің артуынан таяу жылдары 800 млрд доллардан аса қаражатынан айырылады. Дәлірегі, дамушы мемлекеттер өсіп келе жатқан сыртқы қарызға, азық-түлік бағасының өсуіне (басты инфляциядан жоғары) және халықаралық қолдаудың болмауына байланысты орасан зор шшығынға ұшырайда. 81 дамушы ел (Қытайды қоспағанда) 2022 жылы халықаралық резервтерден 241 миллиард доллар жоғалтты, олардың көпшілігі қарыз алудың арнайы құқықтарының қосымша резервтерін сарқып алған. Бұл тарапта 68 дамушы ел үшін қарыз алу құны 5,3%-дан 8,5%-ға дейін өсіп кеткен. Қарыздың қамытынан көптеген елдер экономикасы стагнацияға ұрынып, теңсіздік тереңдейді. Ондаған ел несие берген елдерге жаңа несие алғаннан көп мөлшерде төлем жасайтынын алға тартып отыр сарапшылар, яғни, қарыз алу өз-өзін ақтамай, экономикасы қарызды жабуға қызмет етеді. Нәтижесінде әлеуметтік шығындар мен төлемдер күрт қысқарады. Қазірдің өзінде денсаулық сақтаудан гөрі сыртқы қарызға қызмет көрсетуге көп ақша жұмсайтын елдердің саны 62-ге жеткен (он жыл бұрынғы 34 елмен салыстырғанда).

0 пікір
Мұрағат