Суицидке қарсы ескерткіш тұрғызылды (фото)
|
Британиялық ITV телекомпаниясы Лондон қаласындағы өздерінің орталық кеңсесінің шатырына 84 мүсін орнатып тастады. Суицидке қарсы. Зәулім ғимараттан құлап өлетіндердің зәре-құтын алу үшін. Өз-өзіне қол жұмсайтындарға ескерту болсын деп, ессіз қатерлі әрекеттің алдын алу үшін ескерткіш тұрғызып тастады. Бұл ескерткіштер бірыңғайда егістік басына құстарды үркіту үшін қойылған тұлыптарға да ұқсайды. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. «84-ші жоба» деп аталатын осындай әлеуметтік шара аясында тұрғызылған бұл ескерткіштер жасы 45-тен кіші ер-азаматтардың суицидке жиі баратынынан хабар береді. Аталған елде. Статистикалық мәліметке қарағанда. Аталмыш жоба авторлары мұнымен ғана шектеліп қалмай интернетте ел билігін өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алатын бағдарламаны жетілдіруге шақырған петиция ұйымдастырған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл елде өз-өзіне қол жұмсау 1961 жылдан бастап, қылмысқа жатқызылады.