Түрікменстанның Лебап облысындағы бірқатар ауданда 6 наурызда жергілікті билік арнайы жиналыс ұйымдастырып, түрікмен мигрант қыздарын елге қайтару мәселесін көтерген, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Азаттық басылымына сілтеме жасап.
|
Билік шетелде жұмыс істейтін қыздарды елге қайтармақ
|
Хабарларға қарағанда, Түркияға кетіп, үш жылдан астам уақыт елге оралмаған қыздардың туысқандарына қауіпсіздік органдары арқылы қысым көрсетілуі мүмкін.
Лебап уәлаятына қарасты Чарджоу этрабының тұрғыны Азаттық радиосына болған жайды баяндап берді.
«Жергілікті билік Түркияда жұмыс істейтін қыздарымыздың елге қайтқанын талап етті. Олар елге оралмаса, әкімшілік жауапқа тартылады деп қорқытты. Біз ғана емес, таныстарымызға да осылай деген», - деді жергілікті тұрғын.
Оның айтуынша, тұрғындар мұндай талаптың себебін сұрағанымен, билік ешқандай түсініктеме бермеген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)