|
Тақ мұрагері уаххабизмді не үшін насихаттағандарын жайып салды
|
Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Сауд арабиясының уаххабизм идеологиясын батыстағы одақтастарының қалауымен, Кеңес Одағының мұсылман елдеріне ықпалына қарсы тұру үшін таратқандарын жасырмады. Осылай дей келе ол ендігі жерде Саудияның бұдан бас тартатынын мәлімдеді. «әл-Жазира» ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, Саудия 1979 жылы радикализм ел аумағында жайылғанға дейін саудиялық әйелдер автокөлік жүргізіп, кинотеатрларға барған. Одан кейінгі ұрпақ өркениеттің мұндай игіліктерінен қағылған. Уаххабизм идеологиясы кесірінен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Саудияның қазіргі тақ мұрагері өзін реформатор ретінде көрсетіп жүр әрі батыс елдерінің қоддауына ие болып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады