«Суицид капсуласы» өз еркімен өмірін қиғысы келген алғашқы адамға сыналады
«Суицид капсуласы» өз еркімен өмірін қиғысы келген алғашқы адамға сыналады
5 ай бұрын 573 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцария жақын арада «суицид капсуласын» алғаш рет сынақтан өткізуге дайындалуда. Бұл жайында islam.kz порталы LADbible ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қолданысқа енгізгеннен кейін өмірден түңілген немесе баз кешкен, айықпас дерті жанына батқан, осындай себептерге байланысты өз өмірін өз қолымен қиғысы келетін бейбақтардың жанын қинамай 10 минут ішінде өмірден өтуіне көмектесуі тиіс «суицид капсуласы» бұған дейін де әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған еді. Sarco - Tesla Euthanasia (Тесла Эвтаназия) деп аталатын, 3D технологиясы бойынша басып шығарылған капсула. Десе де осын Sarco - Tesla Euthanasia деп аталатын 3D басып шығарылған капсула. Десе де мұндай ажал құрылғысын жасағандар өз-өзіне қол жұмсауды насихаттауда деп айыпталуда. Осындай айыптауларға байланысты оның қолданысқа енгізілуінде елеулі құқықтық кедергілерге тап болуы мүмкін. «Өлім дәрігері» деген атпен белгілі Филипп Нитшке капсуланы әлемнің кез келген жеріне жеткізуге болатынын атап өтті. Швейцариялық БАҚ ажал капсуласын пайдалануға дайын екенін хабарлады, алайда, мемлекеттік прокурор Питер Штихер пациентке мұндай капсулаларды қолдануға көмектескен кез келген адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті. Exit International негізін қалаушы Филипп Нитчкенің айтуынша, Sarco капсуласы камераны азотпен толтыру арқылы жұмыс істейді, ол оттегі деңгейін адам бірден есін жоғалтатындай шапшаң төмендетеді. Exit International тобы капсуланы дауыспен басқаруға немесе көз қозғалысы арқылы белсендіруге болатын артықшылығын алға тартты; мұндай артықшылықтар сөйлеудің өзіне шамасы жоқ, т.б. ауыр дертке шалдыққан науқастар үшін қарастырылған. Түймешікті басу, көзді жыпылықтату немесе ерін қимылы арқылы іске қосылатын Sarco модулдің, сондай-ақ, «төтенше жағдай» түймесі бар және пайдаланушы өз ойын өзгерткен, яғни, эвтаназия процедурасынан бас тартып, райынан қайтқан жағдайда қашу жолын қамтамасыз етеді. Бұл тарапты Швейцария заңнамасы, соның ішінде қылмыстық кодекстің 115-бабы, егер мотивация жеке пайда немесе пайдакүнемдік болмаса, өзін-өзі өлтіруге көмектесуге рұқсат береді.

Изображение

Ұқсас материалдар:

«Әлемде эвтаназияны алғаш заңдастырған елде қандай аурулар бойынша «ажал процедурасы» көптеп қолданылғаны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-evtanaziyany-algash-zandastyrgan-elde-qandai-aurular-boiynsha-ajal-protsedurasy-koptep-qoldanylgany-belgili-boldy-18839/#gsc.tab=0);

«Батыстан қараңғылығынерткенбұлқұбылыстаақырынбасып, Азияғакелді» (http://islam.kz/kk/news/alem/batystan-qarangylygyn-ertken-bul-qubylys-ta-aqyryn-basyp-aziyaga-keldi-9846/#gsc.tab=0); 

«Ақырғысапарғааттандыратынажалтуризмі: жатқұбылысетекалыпкеледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqyrgy-saparga-attandyratyn-ajal-turizmi-jat-qubylys-etek-alyp-keledi-11546/#gsc.tab=0);

«Еуропалық елде балаларға да эвтаназия процедурасы мақұлданып кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/europalyq-elde-balalarga-da-evtanaziya-protsedurasy-maquldanyp-ketti-18448/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат