Студенттер велошлемге арналған «қара жәшікті» ойлап тапты
Студенттер велошлемге арналған «қара жәшікті» ойлап тапты
10 жыл бұрын 3215

Американың Орегон штаты университетінің студенттері мен  Intel компаниясының мамандары бірігіп, велошлемге арналған «қара жәшік» ойлап тапты. Осы құрылғының көмегімен жедел жәрдем шақыра алады, өзге велосипед тепкендермен тілдесе алады, «Ақылды» шлем сын сағатта, яғни қатер төнгенде велосипедшіні өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін акселерометр, динамика функциялары бар, сондай-ақ, микрофонмен және светодиодтық фонармен жабдықталған. Аталмыш функциялар мен құрылғылар велосипедшінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер жол-көлік апатына тап болса, оның себебін  анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, велосипедшінің халін білуге де көмектеседі. Қажет жағдайда  бұл құрылғы сартфонмен синхрондауды жүзеге асырады, аз уақыттың ішінде медициналық тест жүргізіп, осының негізінде нәтижесін шығарып, пайдаланушының атынан құтқару қызметімен байланысады. Жады құрылғысына жазылған ақпарат кейін толық зерделенетін болады. Android операциялық жүйеге арналған қосымшаның көмегімен ақылды шлем арақашықтық, жылдамдық, бағыт-бағдары туралы мәліметтерді жеткізеді. Осынау шлемнің тағы артықшылығы сонда, музыка тыңдауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат