Сиқырлыққа ең аз және ең көп сенетін елдер анықталды
Сиқырлыққа ең аз және ең көп сенетін елдер анықталды
4 сағат бұрын 77 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Уашингтон университетінің (Америка құрама штаттары) Борис Гершман есімді  әлеуметтанушысы әлемнің әр түкпірінен 140 мыңға тарта адамның, яғни, 95 ел тұрғындарына жүргізілген бұл бағыттағы деректерді сараптамадан өткізден екен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Рhys.org мерзімді басылымына жөн сілтеген PLoS ONE ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы сауалнамаға қатысқан респондеттердің 40%-дан астамы сиқырлық пен қарғысқа сенетінін жасырмаған. Сиқырлыққа сенетіндер әлемнің әр елінде кездеседі. Десе де статистикалық көрсеткіші әрқалай болып келеді. Мәселен, Швецияда сауалнамаға қатысқандардың тек 9%-ы ғана сиқырлыққа сенетінін мәлімдесе, Тунисте - 90%.Америкалық әлеуметтанушы сауалнамаға қатысқандарға қатысты қолдағы бар деректерді талдаудан өткізе келе бұл құбылыстың астарына үңілген екен: оның пайымдауынша, білімді әрі табысы жоғары адамдардың сиқырлыққа сене бермейтінін анықтаған. Сиқырлыққа сенушшілер қарасы мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына көңілі толмайтын елдерде, инновациясы төмен елдерде кеңінен етек алатыны да белгілі болған екен. Бұдан бөлек, сиқырлыққа сенім конформистік мәдениетпен және адамдардың қауымдасу үрдісімен бейімделу процесімен (адамдардың өздеріне ұқсайтындарға артықшылық беру және басқалардан қорқу үрдісі) байланысты болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат