Швецияды Құран өртеуге ресми тыйым салынды
Швецияды Құран өртеуге ресми тыйым салынды
2 жыл бұрын 1180 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швеция билігі қасиетті Құранды жария түрде өртеу акциясына басыбүтін тыйым салды. Өйткені, мұндай арандатушы акция елдің бірлігіне сызат түсіріп, сына қағып, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Dagen ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Расмус Палудан есімді атышулы, оңшыл исламофоб Стокголм қаласында қасиетті Құран өртеу акциясынан кейін Швецияның НАТО-ға (Солтүстік саяси-әскери альянс) мүше болу мүмкіндігінен айыра жаздады, демек, оның қауіпсіздігіне теріс әсер ететін оқиғалар орын алды. Бұдан бөлек, мұндай акция террористік шабуыл қатерін арттыратынын ескеріп отыр. Скандинавия түбегіндегі аталмыш елдің аумағында қайталану ықтималдылығы жоғары мұндай акцияның екеуінің алдын алып, арандушы әрекеттің жолын кесті. Дәлірегі, Түркияның Швецияның НАТО-ға кіруіне рұқсат бермегенімен келіспейтінін көрсету үшін түрік елшілігі алдында өтуі керек еді. Тағы бір акция Ирак елшілігінің алдында өтпек болған. Алайда, полиция бұған жол бермеді. Десе де шведтердің ультра либералдары мен ультра оңшылдары биліктің мұндай тыйымына наразылықтарын танытуда. Олар, тіпті, мұсылмандар тарапынан Інжілді өртеу акциясы орын алса да қарсы емесін білдірді. Осылайша билік мұндай тыйымымен сөз бостандығына нұқсан келтірді деп есептейді. Сөз орайы келгенде таяуда қасиетті Құранды өртеп аты шыққан Расмус Палуданның үстінен осы арандату әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат