Шетелдегі мысырлықтардың еліне аударған ақшасы 7 айда 20 млрд долларға жетті
Шетелдегі мысырлықтардың еліне аударған ақшасы 7 айда 20 млрд долларға жетті
24 күн бұрын 1323 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мысырдың орталық банк жариялаған дерекке сәйкес 2024/2025 қаржылық жылының алғашқы жеті айында шетелде жұмыс істейтін мысырлықтардың отанына аударған қаржысы 20 млрд долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы allAfrica.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы ұқсас кезеңіндегісімен салыстырғанда 81 пайызға көп. Мұндай күрт өзгеріс 2024 жылдың наурыз айында жүзеге асырылған бірқатар экономикалық реформалардан кейін орын алып отыр - экспатрианттардың сенімін арттырып, ақша аударымының артуына ықпал еткен. Осы орайда халқының саны 113 млн адамға жуықтаған мысырлық жастардың бірқатары елдегі жұмыссыздық пен экономикалық қиындықтарға байланысты шетел асып, еңбек мигранты атанған. Олардың дені мұнай өндіретін Таяу Шығыс аумағында орын тепкен елдерге, атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Кувейт (13,5%), Либия (21,2%), Сауд Арабиясы (40%). 66% - 25 жастан 44 жасқа дейінгілер, мысырлық мигранттардың бұл елдердегі 98%-ы – ерлер. Таяу Шығыстағы еңбек мигранттарының 87,6%-ы – мысырлықтар. Мысыр мигранттарының Еуропалық одақтағы үлесі 5%-ға жуықтайды (Италияда - 40%, Ұлыбритания - 23%, одан кейін Германия - 10% және Нидерланды-10%). Бүгінгі таңда шетелде нәпақасын айырып джүрген мысырлықтардың қарасы 3 млн адамнан асады. Олардың дені мәдениеті мен тілі ұқсас араб елдерінде – төрттен үш бөлігі.

0 пікір
Мұрағат