Мароккалық қолөнер секторына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде
|

Марокконың жұмысшы күшінің төрттен бірі қамтылған, жылына 1,1 млрд дирхамнан аса (110 млн доллар) табыс әкелетін қолөнер экспортын арттыруға бағытталған серіктестік туралы келісім бекітілді. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құны 30 млн дирхам (3 млн доллар) сомасы көзделген келісімге аталған елдің қолөнершілер істері жөніндегі мемлекеттік хатшылық, сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшылық және қолөнершілер палатасының ресми өкілдері қол қойды. Құзырлы органдардың лауазымды тұлғаларының пікірінше, аталмыш келісім марокколық қолөнершілерінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін цифрлық құралдар, экспорттық оқыту және электрондық коммерцияның жаһандық платформаларына қол жеткізу арқылы арттыруға бағытталған. Келісім әлемдік кедендік жүйелерге қолөнер бұйымдарын интеграциялауды, қатерді азайту тетіктері арқылы экспорттаушыларды қолдауды және нарыққа шығу үшін жасанды зерде технологиясын пайдалануды қамтиды. TijarIA смарт-платформасы қолөнершілерге экспорттық процедураларды бағдарлауға көмектеседі. Қолөнер бұйымдары мен туындылары аталған араб елінің негізгі кіріс көздерінің біріне айналған. Бұл салада шамамен 2,4 млн адам жұмыспен қамтылған. Марокконың қолөнер өнімдерінің ең ірі импорттаушысы – Америка құрама штаттары, содан кейінгі орындарға Франция мен Испания жайғасқан. Негізіген керамикалық ыдыстар мен тастан қашалған бұйымдар, кілемдер экспортталады. 2016 жылы аталмыш сектор экспортын екі есе арттырып, марокколық бренді қалыптастырды.
Ұқсас материал:




