Шешенстан басшысына Пайғамбар (с.а.у.) ұрпағының қаны құйылды
Шешенстан басшысына Пайғамбар (с.а.у.) ұрпағының қаны құйылды
10 жыл бұрын 3942

Шешенстан республикасының басшысы Рамазан Қадыровқа Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) ұрпағының қаны құйылды. Бұл жайында шешен басшысы Instagram-дағы өзінің парақшасында хабарлады. Осыған байланысты Рамазан Қадыров өзін әлемдегі «ең бақытта адам» санайды. «Құрметті достар! Сіздермен үлкен қуанышыммен бөліскім келеді! Менің үйімде ең қадірменді адамдар – Алла елшісінің (с.а.у.) ұрпақтары болып табылатын әлемдегі ең құрметті шейх Хабиб Али Жифри мен Итум-Калин ауданының ақсақалы Сайд-Селим Адагов қонақта болды. Олар иманының тереңдігімен, Құран мен Сүннетті ұстанудағы шынайылығымен Аллаға жақын адамдар. Меймандар маған Ислам жайында естен кетпес көп жайтты жайып салды. Алла елшісімен (с.а.у.) туыс болып келетін шейх Али Джифри маған қанын құйды. Мен мұны, тіпті, армандай да алмайтын едім. Міне, мен бүгін жер бетіндегі ең бақытты адаммын. Біз мына өмірде Құдыретті Алладан бір-бірімізге туралықтан айнымай өмір сүруіміз үшін дұға ететін боламыз. Сайд-Селим ұзақ та абыройлы өмір сүрді. Ол мені досым деп атады. Бұл мен үшін үлкен құрмет! Алла бәрімізге мейірімін төксін!» - деп жазыпты шешен басшысы.

0 пікір
Мұрағат