Шартарап: Ұлыбританиялық инженер ұшатын мотоцикл құрастырды (видео)
Шартарап: Ұлыбританиялық инженер ұшатын мотоцикл құрастырды (видео)
8 жыл бұрын 2529 24.kz russian.cri.cn Lenta.ru tengrinews.kz Ж.Атагельдиева, Ж.Джазина

Ұлыбританиялық инженер Колин Ферз өзінің гаражында ұшатын мотоцикл - ховербайк құрастырды. 

Құрастыру жұмыстарын аяқтағаннан кейін ол өз туындысының жұмысын видеоға түсірген. Роликтен мотоциклдің жерден шамамен 50 сантиметрге көтеріліп, бірнеше метрге дейін ұшқанын көруге болады. Бір тәулік ішінде видео миллионнан аса көрілім жинады. Ховербайкты құрастыру үшін Ферз пропеллері бар екі қозғалтқышты пайдаланған екен.

Сутекті отынмен жүретін ең алғашқы трамвай (фото)

Қытайда сутекті отынмен жүретін әлемдегі ең алғашқы трамвай жолға шықты. Жолаушылар көлігінің бұл түріне қуаты ұзақ уақыт бойы таусылмайтын батарея кіріктірілген. Ал ең бастысы, трамвайдың едені жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін барынша төмен етіп жасалған. Бір қызығы, егер бұл көлікке мінетін адам сыймай бара жатса, орындықтар санын арттыруға болады. Сондай-ақ, трамвай жүрген кезде қоршаған ортаны ластамайды және шу шықпайды.

Сутекті отынмен жүретін ең алғашқы трамвай (фото)

Германиялықтар жүргіншілерге арналған бағдаршамның жаңа түрін жасады (видео)

Германиялық мамандар Аугсбург қаласында жүргіншілерге арналған бағдаршамның жаңа түрін жасап, жолға орната бастады. Жаңаша тәсіл қауіпсіздік қамы үшін жасалып отыр. Өйткені, қолындағы телефонға телмірген жұрт бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да, жолдың көлік жүретін бөлігіне жиі шығып кете беретін болған. Ал, жаңа құрылғыда жанып-өшіп тұратын индикаторлар орнатылған. Жергілікті билік енді адамдар дәл аяғының астындағы бағдаршамды байқаса керек деп тілеп отыр.

Швейцариялық инженерлер ұшқышсыз басқарылатын аппараттың жетілдірілген түрін жасады (видео)

Мамандар ол фермерлер үшін таптырмас көмекші болады деп отыр. Олар дрондардың ауыл шаруашылығынан өзге де салаларда қолданыс табатынына күмән келтірмейді. Цюрихтегі жоғарғы техникалық мектеп қызметкерлерінің жасап шығарған құрылғысы екі дронның гибриді саналады. Мамандар бұған дейін кеткен қателіктерді ескеріп, қос аппараттың басым тұстарын біріктіріпті. Жаңа дрон кез келген жерге қона алады. Салмағы да кішкентай. Небары жарты келі екен. Қуаты 60 шақырым қашықтықты еңсеруге толық жетеді. Юсеф Димитри, инженер: - Бұл дронның ұшуын жіті бақылап отыру міндет емес. Ең бастысы – картада қажетті орындарды белгілесеңіз болғаны. Өнертапқыштардың айтуынша, ұшқышсыз басқарылатын аппарат ауылшарушылық саласында кең қолданыс табады. Мәселен, ол егіс алқаптарын бақылайды, тыңайтқыштарды қолдануды оңтайландырып, өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауға көмектесуі тиіс. Стефани Ламбер, бизнесті дамыту жөніндегі маман: - Ауылшарушылық нарығы 3 трлн долларға бағаланып отыр. Осы саланың кем дегенде бір пайызын алып жатсақ, бұл біз үшін өте тамаша нәтиже болар еді. Жаңа дрондарды сондай-ақ тау-кен ісінде пайдалануға болады. Өйткені, шахталардың үш өлшемді сызбаларын жоғарыдан сканерлеу әлдеқайда жеңіл. Ал, құбырлар мен электр желілерін ұшқышсыз басқарылатын аппараттың көмегімен бақылау әдісі арзан әрі тиімді тәсілдердің бірі саналады екен.

0 пікір
Мұрағат