Шартарап: Қоқыстан электр энергиясын өндіретін әлемдегі ең үлкен станса салынады (видео)
|
Биыл Қытайдың Шэньчжэнь қаласында қалдықтарды жағу арқылы қуат алатын әлемдегі ең үлкен электр стансасының құрылысы басталады. Жалпы, шаһарда осындай тағы 2 нысан тұрғызу жоспарда бар. Олар күніне 10 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдейді деп күтілуде. Билік бұл кешенді 2018 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Негізі Шэньчжэнь қаласындағы қоқыс мәселесі жылдан-жылға ушығып келеді. Зауыттар қалдықтарды өңдеп үлгермей жатыр.
Ерекше жел генераторын ойлап тапты
Дағдарыс көпке ой салғаны анық. Украиналық өнертапқыш әлемде теңдесі жоқ жел генераторын ойлап тапты. Құрылғының ерекшелігі желдің жылдамдығы төмен болса да, бір үйді электр қуатымен қамтамасыз етуге жеткілікті энергия өндіре алады. Алексей Онипко ойлап тапқан дүниесін құрастырып, оған патент алып үлгерген. Қазір осы құрылғының арқасында өз үйін толықтай жарықпен қамтып отыр. Бұл генератордың өзіндік құны өзгелерге қарағанда әлдеқайда арзан екен. Бұл құрылғыға Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстандағы инвесторлар қызығушылық танытқан. Алексей Онипко, Украина ғылым академиясының президенті: - Диаметрі 3,6 метрді құрайтын осы генераторды алатын болсақ, ол Алматыда жылына шамамен 2500-3000 кВт энергия береді. Ал күніне 6-10 кВт электр қуатын аласыз. Бұл шағын үйді жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті.
Ысырапқа жол бермеген дүкендерге салықтан жеңілдік жасалады
Елде жылына 12 миллиард еуроның азық-түлігі қоқысқа тасталады екен. Енді жаңа заң жобасына сәйкес, дүкендер жарамдылығы өткен тамақ өнімдерін қайырымдылық қорларына тапсырады. Есесіне, бұл сауда орындарына үкімет салық төлеу жағынан жеңілдік жасайды. Жалпы бұл заң жобасы Италияда тамақты ысырап етуге қарсы күресті күшейтуге бағытталған, деп жазады «Лайф Ньюс». Үнемдеуді көздейтін осы құжат түрлі мейрамхана, азық-түлік компанияларына да қатысты болмақ