Шартарап: Ішкіш туристер тәртіпке шақырылатын болды
|
Дубайда таяуда ұсақ бұзақылыққа жол берген туристердің ісін қарайтын сот органы құрылуы мүмкін. Бұл жайында «Arabian Business» ақпарат көзі хабар таратты. Ұсақ бұзақылық дегенде, қоғамдық орындарда ішімдік ішу; ішімдік ішіп алып, көлік жүргізу, т.б. Дубай сот департаментінің жетекшісі Мұһааммед Әбдіразақтың сөзіне қарағанда, әдетте ел назар аудара бермейтін мұндай елеусіз қылмыстар соңғы уақытта қалыпты құбылысқа айналып барады. Әсіресе, әлемнің әр түкпірінен туристер ағылатын Дубай қаласында.
Индонезияда ішімдік ішуге толық тыйым салынуы мүмкін
Индонезияның екі бірдей ислами партиясы ел аумағында ішімдік саудасына толық тыйым салатын заң жобасын ұсынды. Олардың заң жобасында ішімдік ішкендерді қылмыстық жауапкершілікке тартып, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Егер аталмыш заң жобасы қабылданатын болса, құрамында спирті 1%-дан асқан сусынның кез келген түрі саудаға шығарылмайды. Ал саудаға шығарғандарды әлгіндей жазаға тартылатын болады. Десе де, бұл бастама паарламент тарапынан қолдау таба ма, ол жағы әзірге белгісіз. Бұрын елдегі ішімдікті тұтыну көрсеткішін азайту талпыныстары зая кеткен болатын. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында көтерілгендіктен олардың бұл бастамасында «бақай есеп жатыр – көпшілікті құрайтын консервативті мұсылман жамағатының қолдауына ие болу үшін осындай қадамға барып отыр», деп қарадай күдіктенгендердің қарасы көп болған еді сол кезде. Ислами партияның өкілдері өздері көтерген бастаманың астарында қандай да бір бақай есеп емес, ең алдымен ұлт пен ұрпақ қамы жатқанын алға тартқан болатын. «Бұл – діни немесе иедологиялық мәселе емес, бұл балаларды қорғау үшін қажет»,- деп мәлімдеді Өркендеу және әділеттілік партиясы атынан сайланған депутат Әбдіхакім.
«Бизнес халықты маскүнем қылды»
Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі ішімдік өнімдерін әдеттегі дүкен сөрелерінен алып тастап, тек арнайы мамандандырылған, яғни, тек бірыңғай ішімдік түрлері сатылатын сауда орындарында сатуды ұсынып отыр. Бұл жайында “Известия” басылымы хабар таратты. Аталмыш бастаманы көтерген бас психиатр-нарколог Евгений Брюн әәдееттегі дүкен сөрелерінен ішімдік өнімдері алынып тасталса, халықтың өз ақшасы қалтасында қалып, осы нарықта еркін жүзген кәсіпкерлердің табысы азаяды. Оның айтуынша, бизнес халықты маскүнемге айналдырып жіберген. Өйткені, мұндай бизнеске мемлекет те мүдделілік танытып отыр. Бұл саладағы салықтан түсетін қомақты табыстан қағылғысы келмейді. Бәрақ, бүгінгі табысқа алданудың арты үлкен өкінішке соқтырмасын деңіз. Ертең жарымжан, азып-тозған ұрпақпен қалай ел болмақ? «Бүгіндері ішімдік пен шылым тұрғын үйлердің ауласында немесе астыңғы қабатында сатыла береді. Күнде көріп жүрміз – басқа зат алу үшін шығатын еркектер әлгілерге көзі түскесін көңілдері бұзылып сала береді. Содан кейін сатып алып жатқандары»,- деді Евгений Брюн. Аталмыш министрлік анықтағандай, әлемнің ккөптеген елдерінде бұл тәсіл (ішімдікті тек арнайы орындарда сату тәжірибесі) өз тиімділігін көрсеткен. Әдеттегі дүкендер табысының жартысына жуығын, яғни, 40 пайызын осы ішімдік саудасынан түсетін көрінеді.