Саудияның мұнайға қатысы жоқ экспорт ауқымы өткен жылы рекордтық деңгейге жеткен
Саудияның мұнайға қатысы жоқ экспорт ауқымы өткен жылы рекордтық деңгейге жеткен
14 күн бұрын 496 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының мұнай шикізаты мен мұнай өнімдеріне қатысты емес экспорты 2024 жылы рекорд орнатты - 137,29 млрд доллар (515 млрд риал) жетті. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экпорт саласындағы бұл тенденция немесе өсу көрсеткіші аталған араб елінің экономиканы әртараптандыру бағытындағы белсенді күш-жігерінің зая кетпегінін көрсетеді. Саудияның тақ мұрагерінің пәрменімен қолға алынған стратегиялық жобалар мен туризм, спорт және өңдеу өнеркәсібі сияқты секторларды кеңейту арқылы мұнайға тәуелділікті азайту мақсаты орындалып келеді. Мұнайға қатысы жоқ экспорт мөлшері 2023 жылмен салыстырғанда 13%-ға және Vision 2030 стратегиясы қабылданғалы бері 113%-ға өсті. Сауд Арабиясының экспортты дамыту басқармасының бас директоры Әбдірахман Әлтіқайыр бұл жетістікті Саудияда жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ, Саудия билігі 2024 жылы 20,69 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты. Бұған қоса, ел экономикасын трансформациялау үшін 2030 жылға дейін жыл сайын 100 млрд доллар шамасында инвестиция құюды көздеп отыр. 2016 жылдан бастап реэкспорт 205%-ға өсті, бұл ретте негізгі үлесті ұялы телефондар құрады. «Travel & Tourism», яғни, саяхат пен туризм секторы экономикада маңызды рөл атқарды - бұл сектордағы қызмет көрсету экспортының 74%-ын құрайды; бұл көрсеткіш 2019 жылғысымен салыстырғанда туризмнен түскен табыстың 148%-ға өскенін көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат