|
Катар әскери қызметке Бангладештен адам тартуда
|
Бангладеш билігі жүздеген әскериді Катар қарулы күштеріне жөнелтеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab news ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған екі ел үкіметтерінің арасындағы келісімге сәйкес Бангладеш қарулы күштерінің 725 өкілі Катар әскерінде қызмет ететін болады. Бангладештік әскерилер Катар қарулы күштер сапында жаяу әскерде, әскери инженерияда және әскери медицинада қызмет ететін болады. Бангладештік әскерилердің бұл тарапта тәжірибесі бар: Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясында, сондай-ақ, 1991 жылы Иракпен арадағы соғыс аяқталған соң бекітілген келісімге орай шамамен 6000 бангладештік әскери Кувейттің қарулы күштер сапында қызмет етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды