Саудияда түрік тауарларына тыйым салды
Саудияда түрік тауарларына тыйым салды
4 жыл бұрын 2933 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігінің түрік тауарларын елге кіргізбеу, ел аумағында саудағы шығармау туралы тыйымы осы аптада қолданысқа енеді. Бұл жайында islam.kz порталы түрік тілінде хабар тарататын Cumhuriyet мерзімді басылымына сілтемежасай отырып мәлім етеді. Негізі Саудия билігі ашып айтпаса да өткен жылы түрік тауарларына эмбарго жариялаған еді. Соның ішінде тоқыма өнімдерінен бастап тез бүлінетін тауарларына дейін шектеу қоя бастаған болатын. Өткен жылдан бері жүздеген түрік жүк көліктерінің Саудиямен арадағы шекарада қаңтарылып тұратын жағдай әдеттегі көрініске айналған. Тек түрік елшілері мен дипломаттары араласқаннан кейін ғана барып елге кіргізілетін. Саудия мен Түркия арасындағы саяси шиеленістің тамыры арыда жатыр: Саудия іргесіндегі Катарды 2017 жылы әлемнен оқшауламақ болып жанталасқанда Түркия Катарға саяси әрі әскери, сондай-ақ, экономикалық қолдау көрсетті. Саудия мен Түркия арасындағы саяси жанжал саудиялық диссидент тілші Жамал Қашықшының Стамбұлдағы Саудия елшілігінде қастандықпен өлтірілуіне байланысты одан ары асқынып, мұның ақыры саудиялық сауда-өнеркәсіп палатасының түрік тауарларына байкот жариялауымен аяқталған болатын. Бұдан бөлек, саудиялық билік жергілікті компаниялар мен кәсіпорындарға Түркиямен сауда-саттық жасауына жол бермеу үшін қысым көрсетіп келеді. Түріктердің Dunya мерзімді басылымының жазуынша, түрік тауарларын сатқан немесе түріктермен сауда-саттық саласында ынтымақтастық орнатқан саудиялық компанияларға ірі мөлшерде айыппұл салған. Бұл тарапта, әсіресе, саудиялық шағын және орта бизнес пен түрік тауарларына сұраныс тудыратын клиенттер зардап шегіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркияға келетін саудиялық туристердің қарасы 17 пайызға құлдыраған екен.

0 пікір
Мұрағат