Сауда соғысын тоқтату үшін АҚШ пен Қытай келісімге келді
Сауда соғысын тоқтату үшін АҚШ пен Қытай келісімге келді
7 жыл бұрын 3669

АҚШ пен Қытай арасында сауда-саттық мәселесіне қатысты тариф мөлшері тұрақтай алмай, екі ел тарапы да зардап шегудің алдында тұрды. Дегенмен, бұл соғыс уақытында тоқтатылып, екі ел тарапы да келісімге келуге талпынуда. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өткен аптада президент Дональд Трамп 50 млрд доллар тұратын Қытай тауарына тариф мөлшерін арттырып, альюминий және болат импортына санкция жариялаған болатын. Бұған жауап ретінде Пекин 3 млрд долларға АҚШ тауарына көз салып, тиісті деңгейде сауда тарифын өзгертетінін айтқан.

Әлем экономикасына әсері бар ең ірі екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасы бұдан да қатты ушығады деп экономистер дабыл қаққан еді. АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин Қытай шенеуніктерімен тілдесіп, келісімге келетінін жариялады. Ол өз сұхбатында «Біз сауда соғысынан қорықпаймыз, алайда ол біздің мақсатымыз емес» деген.

АҚШ Үкіметі Қытайдан америкалық кәсіпорындарға құшақ жайып, екі ел арасындағы тауар дефицитін жоюға рұқсат етуін талап етіп отыр. Трамп бұл елмен тауар тапшылығын 100 млрд долларға азайтпақшы. Ақ үйдің мәліметінше, былтырғы жылы тауар дефициті 375 млрд долларға ұшып кеткен.

Мнучин АҚШ тарапының талаптарын айтты. Яғни, Қытай шетел компанияларынан талап ететін ережелерін жойып, өнеркәсіптің әртүрлі саласында біріккен жұмыстар атқарғысы келетінін айтты. «Интеллектуалдық ұрлық жойылмай, екі ел арасында сауда қатынасы орнамайды» деді министр. Америкалық өнертапқыштардың идеясын ұрлау да тариф көтеруге себеп болғанын айта кету керек.

Пекин тарапы жасаған өтініштер де ескеріледі. Америкалық автокөліктерге салынған тариф азайтылып, жартылай өткізгіштерге кететін қаржы мөлшері де шектелді. Қытай тарапынан президент Си Цзиньпинның кеңесшісі Лю Хэ Вашингтонға сапар шегіп, алдағы уақытта ортақ мәміле жасалатынын жариялады.

Синьхуа агенттігі Лю сұхбатын жариялады, яғни, Қытай тарапы интеллектуалдық ұрлыққа бармағанын және өзінің ұлттық ерекшеліктерін қорғай алатынын айтқан. Дегенмен, Пекиннің де басты мақсаты - ортақ мәмілеге келіп, сауда соғысын тоқтату.

0 пікір
Мұрағат