Сауд Арабиясының Premium Residency визасы мен БАӘ-нің Golden Visa арасындағы айырмашылық айтылды
Сауд Арабиясының Premium Residency визасы мен БАӘ-нің Golden Visa арасындағы айырмашылық айтылды
8 ай бұрын 551 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Саудия билігі экономикасын әртараптандыру мақсатында әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар мен инвесторлар тартуға арналған Premium Residency визасы іске қосылғанын жарияға жар салып хабарлады. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар, мәселен, Біріккен Араб Әмірліктері мұнай шикізатына тәуелділіктен экономикасын құтқару үшін дәулетті адамдар мен дарынды тұлғаларға, т.б. арналған Golden Visa визасын 2018 жылы ашты. Бұл жайында islam.kz порталы ARABIAN BUSINESS ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парсы шығанағындағы бұл екі ел де ұқсас виза ұсынғанымен сарапшылар негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып айтып берді: Golden Visa өтініш берушілердің кең ауқымын қамтиды, оның ішінде дарынды мамандар, кәсіпкерлер, инвесторлар және БАӘ-ге қоныс аударатын талантты студенттер; ал Сауд Арабиясының премиум резиденциясы инвесторлардың, таланттардың және сұранысы жоғары кәсіптердегі кәсіпқойлардың нақты санаттарына арналған. Аталған қос араб елінің визалық бағдарламалары олардың стартегиялық мақсаттары мен экономикалық әлеуетінен хаьар береді. БАӘ-нің Golden Visa режимі 5 немесе 10 жылға дейін елде тұруға әрі тұру мерзімін осы виза бойынша ұзартуға мұрсат берсе, саудиялық бағдарламада (Premium Residency) мұндай мүмкіндіктердің шектеулі және шектеусіз нұсқалары қарастырылған. БАӘ-нің визасы бойынша алты айға дейін ел аумағында тұрмаса да визаның жарамдылығы сақталады. Екі визаның негізгі артықшылықтарының бірі - өзін-өзі қаржыландыру мүмкіндігі, яғни, кепілдік ретінде жекелеген жұмыс беруші немесе қандай да бір компания тарапынан қаржыландырылуын талап етпейді. Golden Visa алу үшін инвестор кемінде 2 миллион дирхам көлемінде жылжымайтын мүлікке инвестиция салуы керек, ал Premium Residence визасын алу үшін кемінде 4 миллион сауд риалы мөлшерінде жылжымайтын мүлікке инвестиция қажет. БАӘ-де бизнес инвесторлардан 2 млн дирхам мөлшерінде елде депозит ашуды немесе осынша қаржыға ел экономикасына инвестиция салуды талап етеді. Ал Саудияда шетелдік тұлға резидент инвестор мәртебесіне ие болуы үшін 7 млн риал мөлшерінде инвестиция құюы керек.

0 пікір
Мұрағат