Сарапшылар ХХІ ғасырдағы ең негізгі текетірестің қай державалардың арасында болатынын атады
Сарапшылар ХХІ ғасырдағы ең негізгі текетірестің қай державалардың арасында болатынын атады
7 жыл бұрын 3560 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай мен Үндістан арасындағы  уақыт озған сайын шиеленісіп, қатерлі сипат алып келе жатқан бәсекелестік аталған екі алып елдің текетіресіне алып келмек. Яғни, сарапшылар ХХІ ғасырдағы ең қатты текетірес аталған екі елдің арасында болатынын алға тартып отыр. Соңғы он жыл ішінде Қытай көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастап, әлем қауымдастығының назарын өзіне аударып отыр. Қытай әлемдегі ең ірі валюта қорына ие болып қана қоймай, сонымен қатар, автокөлік нарығында аса ірі онйышыға айналып үлгерді. 2014 жылы Дүниежүзілік валюта қоры Қытайды экономикасы қарқынды дамып келе жатқан жетекші елдердің қатарына қосты. Десе де Қытайда бір көрсеткіш бойынша Үндістан артқа тастағанын айта кету керек. Соңғы демографиялық мәліметке қарағанда, Үндістан әлемдегі халқының саны көп ел – 1,33 млрд-қа жеткен. Ал Қытай халқының саны – 1,3 млрд адам. Бұл Үндістанға экономикада алға шығуына септесетін ең негізгі фактор. Бұған қоса, Үндістанда Қытайға қарағанда еңбекке жарамды жастардың қарасы көп әрі зейнеткерлердің қарасы айтырлықтай аз. Бұл өз кезегінде мемлекет қазынасына салмақ салмайды. Биылдың өзінде Үндістанның экономикалық өсу көрсеткіші 7 пайыздан аспақ. Ал Қытайда бұл көрсеткіш 6,5 пайызды құрамақ.

0 пікір
Мұрағат