Сарапшы көп ұзамай ұлттық валюталардың қайсысына жоғалу қаупі төніп тұрғанын атады
Сарапшы көп ұзамай ұлттық валюталардың қайсысына жоғалу қаупі төніп тұрғанын атады
3 жыл бұрын 3005 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай кей валюталар жер бетінен мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Прайм агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте бұрын ұлттық валюталар сол мемлекеттің жер бетінен жойылуына байланысты жоғалатын. Бұған Чехословакияның ұлттық валютасын жатқызуға болады. Я болмаса қандай да бір экономикалық мүдде бойынша, дәлірегі, қандай да бір экономикалық кеңістіктің пайда болуына орай жоғалып жатады – бұған Еуроодақ құрамына кірген елдердің ұлттық валюталарын (неміс маркасын, грек драхамын, австриялық шиллингті, т.б.) жатқызуға болады, ортақ валюта – еуро ұлттық валюталарды алмастырды. Сондай-ақ, қандай да бір қаржы немесе экономикалық дағдарысқа байланысты құнсызданып, яғни, гиперинфляция салдарынан тарих сахнасынан жоғалатын валюталар да баршылық. Бұған Зимбабвенің ұлттық валютасын жатқызуға болады: 1981-2009 ылдар аралығында айналымда болған африкалық елдің ұлттық валютасы гиперинфляциядан ондаған миллиард пайызға құнсызданып кеткендіктен ел тұрғындары АҚШ долларын өзара есеп айырысуда жаппай қолдануға көшкен еді. 2019 жылы аталған ел өз төл валютасын қайта айналымға енгізгенімен оның да «көрер жарығы» көпке бармайтын сыңайлы – 2020 жылы оның құнсыздануы 600%-дан асып кеткен еді. Ресейлік "БКС Мир инвестиций" активтерін басқаратын Андрей Русецкидің айтуынша, Зимбабве ұлттық валютасының тағдырын ауғандардың төл валютасы қайталауы мүмкін екенін алға тартып отыр. Тәліптер радикалды қозғалысының билік басына келуіне байланысты ауғандардың төл ақшасы аз уақыттың ішінде қатты құнсызданып кетті. Бұған ең алдымен сырттан келетін көмектің тыйылуы, қаржылай қолдаудың жоғалуы, аталған елдің Орталық банк активтерінің бұғатталуы, экономиканың күрт құлдырауы себеп болып отыр. Әлбетте, валюта консервативті актив болғандықтан сирек жоғалады. Ұлттық валюта – әр елдің егемендігін әйгілейтін, былайша айтқанда, ел рәміздерімен қатар қойылмаса да сол елдің тәуелсіздігін танытатын белгілердің бірі. Қаржыгерлердің айтуынша, бүгінде ұлттық валютаның түбіне көбінесе дағдарыс жетеді. Дағдарыс – 10-15 жылда бір соғып отыратын қалыпты, яғни, қайталанатын кезеңдік құбылысқа айналып келеді. 

0 пікір
Мұрағат