Саңырауқұлақпен әлемді құтқаруға болады
Саңырауқұлақпен әлемді құтқаруға болады
3 жыл бұрын 2765 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынуға себеп болған атмосфераның ластану деңгейін барынша азайту үшін көмір секілді негізгі энергия көзі болып келген қазбалы ресурстардың бірқатарынан бас тартуға тура келеді. Алайда, оларды алмастыратын балама ресурс мен шикізат немесе технология енді пайда болып жатыр. Сондай шикізаттардың біріне ғалымдар кәдімгі өсімдікті – саңрауқұлақты жатқызып жүр. Бұл жайында islam.kz порталы Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Былайша айтқанда, саңырауқұлақ – әмбебап әрі биологиялық тұрғыдан ыдырайтын материал. Одан үй тұрғызуға да, жиһаз құрастыруға да, аяқ киім тігуге де болады. Бұдан бөлек, саңырауқұлақты өсіру көп шығынды қажет етпейді, тіпті, көп аумақты да алмайды, суды да мейлінше аз тұтынады, ал оның қорегі қоқыс пен ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізетін өнімдер, ол осылайша ауыл шаруашылық өнімдерін улы әрі зиянды заттардан тазартады. Мицелиядан (саңырауқұлақтың әрі жіңішке тармақталған жіптерден тұратын талшық секілді актиномицеттің вегетативті денесі) барлығын жасауға болады – құрылыс материалдарынан бастап, түрлі қаптамаларға дейін. Голландиялық дизайнер Маурицио Монтальти (Maurizio Montalti) мицелиямен жұмыс істеп келе жатқанына, міне, он ылдан асыпты. 2018 жылы ол саңырауқұлақ негізіндегі өнімдерді, атап айтқанда, түрлі жиһаз бен аса мықты дыбысты сіңіріп алатын плитка шығаратын Mogu компаниясының негізін қалаған еді. Ол мицелияны жүгері қалдығына, күріш сабанына, кофе шөгіндісіне, теңіз балдырына, т.б. өсіре береді. Adidas, Stella McCartney және Gucci секілді әлемге әйгілі брендтер де мицелияға келешегі зор биоматериал ретінде қарап, назар аудара бастады. Десе де саңырауқұлақ негізіндегі өндіріс әлі жандана қойған жоқ. Мұндағы кілтипан – пластик сияқты емес, ыдырап, ірішп-шіріп жоғалатын саңырауқұлақтан алынған материалдан бәсекеге қабілетті өнім алудың қиындығы. Алайда, бұл бағыттағы ізденіс өз жемісін беріп жатыр – кей компаниялар жетістікке қол жеткізуде. Атап айтқанда, голландардың Loop компаниясы мицелиядан табыс асайды, ол табыт жерге көмілген соң ішіндегі мәйітпен бірге шіріп, топырақ құнарлығын арттыратын табиғи тыңайтқыш ретінде пайдасын тигізеді, осылайша экологиялық жағынан таза, яғни, қоршаған ортаға залалы жоқ. Ал Индонезияда Mycotech компаниясы саңырауқұлақтан тері жасап, одан аяқ киім тігеді. Яғни, бұрынғыдай аяқ киім өндірісі үшін ануарларды өлтіріп, суды көп пайдаланып, атмосфераны химикаттармен ластамайды. Әлемге танымал Adidas фирмасы да саңрыауқұлақ шикізатынан аяқ киім тіге бастады – мицелиядан Stan Smith Mylo кедасын тігеді. Саңырауқұлақтың көмегімен асфальт секілді  құрылысқа арналған материалдан және мұнай-химия өнеркәсібі қалдықтарынан уды жойып, оны екінші қайтара пайдалануға болады. Мұны америкалық Mycocycle компаниясы жүзеге асырып жатыр. Немістердің My-Co Space компаниясы саңырауқұлақ көмегімен өңделген композитті материалдан үйлер соғуда. Дәлірегі, фанерлі каркасты пайдаланады. Дания мен Нидерланды ғалымдары болашақта тұтас саңырауқұлақтан қала тұрғызылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Климат өзгерісіне қарсы тұра алатын көміртектен ада мицелиядан үйлер тұрғызылады әрі ондай үйлерді жөндеу де оңайға соғады. Бар-жоғы су құйып, саңырауқұлақтың өсуіне жағдай жасайсыз.

Маурицио Монтальти (Maurizio Montalti)

Фото: Mike Groll / AP

Сумка из мицелия грибов | Наша Кухня

Мицелиядан жасалған сөмке
0 пікір
Мұрағат