Санкция салдары: Қытай компаниялары рублдің құлдырауына байланысты Ресейге тауар экспортын тоқтатып жатыр
Санкция салдары: Қытай компаниялары рублдің құлдырауына байланысты Ресейге тауар экспортын тоқтатып жатыр
19 күн бұрын 177 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай компанияларының көбісі ресейлік платформада рубл бағамының құлдырауына байланысты тауар экспорттаудан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы  South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Батыс елдері тарапынан салынған түрлі экономикалық шектеулерден ресейліктер технологиялық өнімдерді негізінен Қытайдан экспорттайды. Десе де қытай компаниялары орыстардың ұлттық валютасының құнсыздануына байланысты сауда-саттықты тоқтатуға мәжбүр. Бір жағынан, рублдің қазіргі бағамы ресейлік тұтынушылар үшін тауар бағасын көтеріп, қытай тауарларының тартымдылығын төмендетеді, тапсырыс мөлшерін азайтады, ал екінші жағынан, айырбас бағамының ауытқуы қытайлық сатушылардың пайдасын кемітеді. Бұдан бөлек, Ресейдің негізгі электрондық коммерция платформаларының төлем жүйелеріне халықаралық санкциялардың әсері де бұл тараптағы ахуалды одан ары күрделендіре түскен. Жордан Си есімді қытай бизнесмендердің бірі ресейліктердің сатып алу мүмкіндігі басқа дамушы нарықтарға қарағанда жоғары болғанымен, қазір рублдің төмен бағамы тауарлар мен логистика шығындарын ақтамайтынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат