Салықтың жаңа түрі енгізіледі
Салықтың жаңа түрі енгізіледі
3 жыл бұрын 1456 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австрия билігі келесі жылы азаматтарына жаңа салық түрін салады. Еуропадағы аталған ел үкіметі парникті газды шеткеу үшін елдегі салық жүйесін реформалауға кірісетінін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы ABC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, 2022 жылдың шілде айының 1-нен бастап көмірқышқыл газы үшін салынатын салық ел тұрғындарына «климат бонусы» ретіде қайтады. Австриялықтар CO2 тоннасы үшін 30 еуро (шамамен 35 доллар) төлеуге көшеді, оны компаниялар тұтынушылар шотына үстеуі мүмкін, яғни, ай сайынғы коммуналдық төлем түрінде жүзеге асуы да мүмкін. 2025 ылы бұл сома көмірқышқыл газының бір тоннасы үшін 55 еуроға (64 долларға) көтеріледі. Осылайша аталған ел билігі 2025 жылға дейін аталған салықтан 5 млрд еуроға тарта қаражат жинауды көздеп отыр. Австрияның әр тұрғыны жыл сайын мемлекет тарапынан өтемақы алады, оның мөлшері әр тұрғынның тұрып жатқан жеріне байланысты анықталады. Мұндағы мақсат - тұрғындарды экологитялық таза көлік түрлерін және қоршаған ортаға зияны аз жылу жүйесін таңдауға үйрету. Естеріңізде болса, австриялықтар қолданысқа енгізетін бұл тәжірибенің әлемнің өзге елдерінде де кейінгі кезде жиі көтерілетін тақырыпқа айналғанын айтып өткенбіз (қараңыз: «Еврейлердің прагматикалық тәжірибесі өзге елдерде де қолданысқа енуі тиіс» (https://islam.kz/kk/news/alem/evreilerdin-pragmatikalyq-tajiribesi-ozge-elderde-de-qoldanysqa-enui-tiis-15634/#gsc.tab=0); «Адамзат тыныс алып отырған ауа үшін ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-tynys-alyp-otyrgan-aua-ushin-aqy-toleu-juiesine-koshui-mumkin-15633/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат