|
«Рождествода 5000 христиан мен мұсылманды үнді дініне кіргіземіз»
|
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы әсіребелсенді әрі ұрдажық радикалды тобы жуырда Агра қаласында 57 мұсылман отбасын ата-баба дініне кіргіздерін мәлімдеді. Ұлтшыл үнділерімен тығыз байланысқан олар Аграның ең кедей аудандарындағы лашықта тұратын тұрмысы төмен әрі діни сауаты жоқ 200 мұсылманның индус нанымын қабылдағанын да жеткізді. Күнкөрісі төмен мұсылмандар мен христиандарды ақшамен қызықтырып, үнді нанымын қабылдаттырғанымен қоймай, пұттардың аяғын жуу рәсімін орындататын көрінеді. Бұл жайында India Today ақпарат көзі хабар таратты. Радикалдар Рождествода тағы 5000 мұсылман мен христианды өз наным-сенімдеріне кіргізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті