|
Ресейлік әйелдер ерлерге «ерегесіп» бала таппайды
|
Ресейдің әрбір алтыншы әйелі құрсақтағы шарананың биологиялық, яғни, туған әкесінің әке атануға дайын болмағаны үшін, дәлірегі, баланы күтіп-тәрбиелеу жауапкершілігінен қашатыны үшін түсік жасатады. Бұл жайында Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің репродуктивті денсаулық жөніндегі бас маманы Олег Аполихин «Российской газета» тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. «Баланың әкесі – перзентінің тәрбиесі мен жетілуіне елеулі ықпал ете алмайтын фигураға айналды. Өмірге адамның келуі немесе келмеуі көбінесе ер-азаматтарға байланысты. Егер әйел бір баламен шектелсе, оны өзі үшін тапқаны деп түсінуіміз керек, ал екінші және үшінші баланың пайда болуына ерлер импульс береді»,- деді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)