Ресейде шетелдіктерге қаруды заңсыз экспорттағандарды жазалайтын заң жобасы қабылданды
Ресейде шетелдіктерге қаруды заңсыз экспорттағандарды жазалайтын заң жобасы қабылданды
2 жыл бұрын 701 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей федерациясының мемлекеттік думасы шетелдіктерге қару-жарақ пен әскери техникаларды заңсыз бергендер мен экспорттағандарды 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы қылмыс ұйымдасқан топпен жасалса, құқық бұзған тұлғалар мейлінше қатаң жазаға тартылады. Дәлірегі, бір миллион рубл айыппұл салудан бастап, 7-12 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Егер қаруды заңсыз әкету мен беруді алдын ала келісім бойынша бір топ адамдармен жасалса, айыпталушылардың әрекеті бір миллион рублге дейінгі айыппұлмен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге жазаланады. Егер азамат жалғыз әрекет еткен болса, ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл тараптағы құжатта қамтылға талаптарға сәйкес әскери тауарлар мен технологиялар, қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ, экспорттық бақылауға жататын қызметтер қылмыстың субъектісі болып саналады. Аталмыш заң, сонымен қатар, жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткізу құралдарының контрабандасы және экспорты үшін күшейтілген жазаларды белгілейді. 

 

0 пікір
Мұрағат