Ресейде биометриялық деректерді азаматтардың келісімінсіз жинайтын болды
Ресейде биометриялық деректерді азаматтардың келісімінсіз жинайтын болды
2 жыл бұрын 1597 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Геодакян Артем / ТАСС

Ресей Федерациясының цифрлы даму министрі Бірыңғай биометриялық жүйеге ел тұрғындарының биометриялық деректерін олардың келісімінсіз жинауды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы «Коммерсантъ» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РФ министрлер кабинетіне қарасты талду орталығына жөнелтілген бұл тараптағы жобаға қатысты құжатта айтылғандай, ресейліктердің биометриялық мәліметтері Бірыңғай биометриялық жүйеге субьектілердің келісімінсіз жиналатыны айтылған. Аталмыш жоба авторларының түсіндірме жазбасында мұндай ұйғарым шілде айында қабылданған ақпарат туралы заңға енгізілген түзетуде қарастырылған. Бұған қоса, Бірыңғай биометриялық жүйеге жеке бастың биологиялық мәліметтерін өзге көздерден де жинау қарастырылып отыр. Зағип адамның даусы немесе саусақ ізі алынады. Азаматтардың биометриялық деректерін тек Бірыңғай биометриялық жүйе базасына енгізген ұйымдар мен мекемелер ғана пайдалана алады. Бірыңғай биометриялық жүйе 2019 жылы іске қосылған болатын. Оның көмегімен банк пен өзге де қаржылық ұйымдар клиенттерінің жеке басының биометриялық мәліметтері бойынша сәйкестендіру процесін бастауды жоспарлаған еді. Алайда, 2022 жылдың басына қарай жүйеде жоспарланған 70 миллионның орнына ресейліктердің биометриялық деректерінің 236,4 мың үлгісі ғана жиналған. Бұл азаматтардың елдегі мұндай жүйеге сенімсіздігін көрсетіп берді.

0 пікір
Мұрағат