Ресейде араб тілі бойынша кітаптар саудасы күрт өсті
Ресейде араб тілі бойынша кітаптар саудасы күрт өсті
4 минут бұрын 3 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: dreamstime

Биыл Ресейде араб тіліне қатысты кітаптар мен әдебиеттер саудасы күрт артқан. Бұл жайында islam.kz порталы «Литрес» кітап сервисінің баспасөз қызметінің хабарына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қаңтар айының 1-нен қыркүйектің 22-не дейін «Араб тілі» санатындағы туындылар саудасы өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 40%-ға артқан. Араб тілі әдебиеттеріне сұраныстың өсіне Ресейдің Таяу шығыс елдерімен мәдени және іскерлік байланыстың артқаны себеп болған. Бұған қоса, осы жылдың (2026) қыркүйек айының 1-нен бастап Ресей мектептерінде оқушыларға араб тілі оқытыла бастады. Осы орайда Махмұд Азардың «Арабский язык! Большой понятный самоучитель. Всe подробно и «по полочкам» кітабы,  Ибрагим Ибрагимовтың «Арабский язык. 150 диалогов», Елена Клевцованың «Учебник арабского языка. Часть 1. Арабская письменность, понятная каждому» кітабы сатылымы жағғынан алғашқы үштікті құрағанын айта кетпекпіз.

Ұқсас материал:

Священниктерге араб тілі оқытылады

0 пікір
Мұрағат