|
Халал сертификаттан халал бәсекеге қабілеттілік мәртебесіне ауысу бастамасы көтеріліп жатыр
|
Малайзия әлем қауымдастығын таза халал-сертификаттаудан халал-бәсекеге қабілеттілік мәртебесіне өтуге шақырды, себебі, АСЕАН (оңтүстік-шығыс Ази аймағындағы мемлекеттер қауымдастығы) 5 триллион АҚШ долларын құрайтын жаһандық халал экономикасы мен нарығында позициясын нығайтуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы New Strats Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік халал бизнесі конференциясында (WHBC 2026) сөйлеген сөзінде Малай премьер-министр жанындағы дін істері жөніндегі министр, YB сенаторы доктор Зулкифли Хасан Малайзияның әлемдік ислам экономикасындағы көшбасшылығы сауданы, инвестицияларды, инновацияларды және халықаралық бизнес мүмкіндіктерді кеңейтуге әкелуі тиіс, деп мәлімдеді. Малайзия Ислам экономикасының жаһандық индикаторы (GIEI) бойынша он екінші жыл қатарынан бірінші орынды сақтап қалды, ал оның халал экспорты 2025 жылы 68,52 миллиард ринггитке жетіп, жылдық көрсеткіште 10,9 пайызға артқан. Министр Малайзияның халал-сертификаттаудан халал-бәсекелестікке, нарыққа дайындықтан экспортқа және коммерцияландыруға, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктеріне және құн құрудың жаһандық тізбектеріне қатысуға баса назар аудара отырып, жергілікті ойыншылардан әлемдік көшбасшыларға көшуі тиіс екенін атап өтті. Малайзия өңірлік ынтымақтастық пен халал экожүйесіндегі байланыстарды нығайту үшін АСЕАН Халал кеңесін құру туралы ұсынысты ілгерілететін болады.