Ресей Федерациясы құрамындағы ең саламатты қоғамды мұсылмандар республикасы құрап отыр
Ресей Федерациясы құрамындағы ең саламатты қоғамды мұсылмандар республикасы құрап отыр
7 жыл бұрын 5486 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы құрамында 85 субьекті бар. Тарқатып айтқанда, 22 Республики, 46 облас, 9 Өлке, 1 Автономды (дербес) облас, 4 Автономды округ, сондай-ақ федералдық маңызы бар бар 3 қала. Осы субьектілердің ішінде Шешенстан мен Дағыстан республикалары денсаулық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, моралдық тұрғыдан да сау саналатын қоғам құра білген. РФ денсаулық сақтау министрлігі өткен жылды қорытындылай келе ең саламатты және ең ауру қоғамды анықтап білген. Нақтырақ айтқанда, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ең саламатты аймақтарға екі мұсылман субьектісі жатқызылған. Шешенстанда 100 жұмысшыға шаққанда 15,4 еңбекке жарамсыздық парағы (больничный лист), ал Дағыстанда 100 жұмысшыға шаққанда 27,4 еңбекке жарамсыздық парағы жазылған екен. Жалпы, РФ бойынша орташа есеппен алғанда 100 жұмысшыға 43,3 еңбекке жарамсыздық парағы жазылған екен. Аталмыш министрлік келтірген мәліметке қарағанда, Шешенстан, Дағыстан және Ингушетия (үшеуі де мұсылман елі) ішімдік ішілмейтін және шылым шегілмейтін аймақтар ретінде алға шығып отыр. Бұл аймақтар федералдық деңгейдегі "Сау Ресей" рейтингісінде өткен жылы көш бастаған. 

0 пікір
Мұрағат