Қытайдың басты қайғысы сауда соғысы емес, басқада...
Қытайдың басты қайғысы сауда соғысы емес, басқада...
5 жыл бұрын 9831 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білесіздер, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары әлемнің екі алып державасы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы мен оның барысы, себеп-салдары, оның әлемдік экономикаға тигізер әсері туралы жан-жақты талдап, жарыса жазуда. Бұл тақырып саябырсығанымен әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Десе де соңғы уақытта жау жағадан алғанда бөрі етектен тартадының керін құшқан Қытайдың ең басты қайғысы сауда соғысынан келетін шығын мен оның салдары емес, су ресурсының тапшылығы болып отыр. Ғалымдар мен сарапшылардың және халықаралық экологиялық ұйымның белсенділері су дағдарысынан Қытай экономикасы сауда соғысынанан асып түсуі мүмкін залал көретіні жөнінде жиі айтып жүр. Су тапшылығы аталған елдің экономикалық дамуын тежеп қоймай, үлкен шығын келтірмек. Greenpeace ұйымының Шығыс Азиядағы бөлімшесі мен Chinadialogue тәуелсіз әрі коммерциялық емес ұйымы Қытайдың жаһандық жылынуға байланысты орын алып отырған климаттық өзгеріс пен қоршаған ортаның ластануы салдарынан қандай зардап шегетінін тәпіштеген баяндамасы жарияланды. Аталмыш баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, зерттеу нәтиесі көрсеткендей, Қытайдың батысында орын тепкен Цинхай және Ганьсу провинцияларында, ұйғырлар мекендеген Шыңжаң автономды округындағы мұздақтар жылдам еруде. Мұның соңы стихиялық апаттарға ұрындырып, ауызсу резервін тауысуда. Greenpeace-нің шығыс Азиядағы филиалының климаттық өзгерістерге қарсы күрес жөніндегі науқан жетекшісі және энергетика мәселелерімен шұғылданатын Лю Цзюньян осыған байланысты қоршаған ортаны қатты ластайтын қазба отыннан жасыл энергияға тездетіп көшудің маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды. Сөз орайы келгенде айта кетсек, Қытайдың батысындағы мұздақтар шамамен 1,8 млрд адамды тұшшы сумен қамтамасыз етіп отырған аймақтағы жалғыз су көзі. "Қытай аумағындағы мұздақтардың бестен бірі еріп кеткен",- деп айтылған "Қытай мұздағы және климаттық өзгерістің әсерімен күрес жөніндегі жоба" деп аталатын зерттеу нәтижесінде. "Бұл мұздақтар Ауғанстанды, Вьетнамды және Үндістанның оңтүстігіне су жеткізетін Азиядағы ең ірі өзендердің бастауы",- деп айтылған одан ары аталмыш зерттеу нәтижесінде. Биыл, яғни, мамыр айында жарияланған Chinadialogue ұйымының "Қытайдағы сумен жабдықтаудың қазіргі дағдарысы" атты баяндамасында: "Судың 80 пайызы елдің оңтүстігінде сақтаулы, бұл солтүстіктегі сегіз провинцияның судың жетіспеушілігінен зардап щегіп отырғанын білдіреді, ал төрт провинциясында су тапшылығы орын алуда, ал Шыңжың мен ішкі Моңғолияның көп бөлігі шөл дала. Аталған 14 провинцияға Қытайдың ауыл шаруашылығының 38 пайызы, өнеркәсіптің 46 пайызы, электр энергиясының 50 пайызы (көмір және ядролық энергетика суды көп мөлшерде қажет етеді) тиесілі. Сондай-ақ, Қытай халқының 41 пайызы аталған провинцияларды тұрады",- деп айтылған. Қытай билігі аталған аймақтарда су тапшылығын жою үшін 1952 жылы әлемдегі ең ірі құбыр тарту жұмысына пәрмен берген болатын. Нәтижесінде ол 2014 жылы пайдалануға берілді. Қытайлардың China Daily мерзімді басылымы жазғандай, ұзындығы 1400 шақырымға созылып жатқан, құны 100 млрд доллар тұратын "Солтүстік-Оңтүстік су ресурсын еткізу жобасында" Янцзы өзенінен елдің құрғақшылыққа бейім солтүстігіне су жеткізу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жобаның өзі Қытайды су дағдарысынан құтқара алмайды. Елдегі су дағдарысын еңсеру үшін Қытай билігі энергияның қоршаған ортаға қауіпсіз түрілеріне көшуді тездетуде. 

0 пікір
Мұрағат